Сапалы білім беретін шаңырақ

admin2 2018-04-01 2 ℃ Қысқаша

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп Абай атамыз айтпақшы, бұл жа...

6541c13cb7a0b780adb4183381847d71.JPG

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп Абай атамыз айтпақшы, бұл жаһандану заманында бәсекеге қабілетті маман болу үшін, әрине, мамандық таңдау мәселесіне аса іждаһаттылықпен қараған дұрыс. Осы  мәселе әрбір мектеп бітіруші түлектің көкейіндегі дүние деп айтсақ, артық айтқандық емес. Адам өз таңдауын дұрыс жасағанда ғана дами түсетіні хақ. Адам қоғамнан алшақ өмір сүре алмайтындықтан, адамзатпен бірге өмір сүретін, бүгінгі таңда үлкен қажеттілік пен сұранысқа ие мамандықтар легі бар. Осындай қажеттіліктен туған мамандық, ол – «Әлеуметтану».  Әлеуметтану ғылымы – қоғам ғылымы. Бұл ғылым нені зерттейді? Қандай функциясы бар? Қоғамға қандай пайдасы не болмаса маңызы? Әлеуметтанушылардың міндеті неде? Бұл мамандыққа кімдер қолайлы? Жұмыс мәселесі сынды сан қилы сұрақтар мазалайтыны орынды.   Әлеметтану қоғам болғанда өмір сүретін, біте қайнасатын, әрқашан өзекті, керекті мамандық болып табылады.

         Әлеуметтану ғылымы – қоғамның даму заңдылықтарын, қалыптасуын, оның жұмыс істеуін зерттейді. Оның ауқымы, қамту аясы кең, өйткені әлеуметтік құбылыстардың бәрі қарастырылады.

         Әлеуметтанушының міндеттеріне келер болсақ, кәсіби әлеуметтанушы өзінің білімін үнемі толықтырып, іздену керек. Себебі, әлеуметтік үрдістер әрдайым өзгерісте. Ол негізгі экономикалық әдістерді меңгере отырып, әлеуметтік көзқарастарды, арнайы бағдарламаларды пайдалана білуі шарт. Сонымен, дәстүрлі түрде әлеуметтанушының міндеттеріне бағдарламаларды құрастыру және социологиялық зерттеулерді жүргізу, белгілі бір үрдістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, түрлі жобаларды дамыту, әлеуметтік мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету сынды түрлі қызметтер кіреді.

Ал осындай жауапты, бүгінгі таңда аса сұранысқа ие мамандыққа кез келген ақпаратты сыни көзқараспен қабылдауға қабілетті, жан-жақты білімді, қызығушылық таныта алатын білікті адам лайықты. Студент әлеуметтанушы көптеген математикалық әдістерді, соның ішінде ықтималдық теориясын, статистиканы, дискретті математиканы меңгеру керек. Әрине, сонымен қатар, философия, логика, тарих сияқты ғылымдарды меңгеріп және кем дегенде бір шет тілін білуі қажет. Кәсіби әлеуметтанушы – құнды білімнің толық қоймасы болып табылады.

Қазақстан Республикасында кәсіби мамандандырылған университеттер баршылық. Дегенмен, деректерді талдау әдістерін және арнайы бағдарламаларды міндетті түрде зерделеуді үйрететін университетті таңдау маңызды. Соның ішінде көштің алдыңғы қатарын алып отырған, жетекші білім ордасы, бүгінгі таңда өзім білім алып отырған философия және саясаттану факультетінің «Әлеметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасын ұсынар едім. Бұл үздік кафедрада ғылыми салада есімдері белгілі, атақты профессор, оқытушылар: К.У.  Биекенов,  М.Ф. Пузиков, З.Ж. Жаназарова, Г.О. Абдикерова және т.б., профессор  және кафедра меңгерушісі Г.С. Абдирайымова, доцент Н.У. Шеденова және И.С. Сарыбаева, доцент міндетін атқарушы Г.А. Кенжакимова, С.С. Серікжанова, Д.К. Бурханова  жұмыс істейді.

Аталған оқытушылардан білім алған мамандар, бүгінгі таңда білікті маман болып, Тәуелсіз Республикамыздың гүлденуіне, дамуына өз үлестерін қосуда. «Әлеуметтану» мамандығында оқып жүрген менің күн өткен сайын дұрыс таңдау жасағаныма сенімім нығая түсуде.

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті   

Философия және саясаттану факультетінің Әлеуметтану

және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс

магистранты Асаубек Салтанат Сабыржанқызы

Jebeu.kz




Жаңадан құрылған Жастар кеңесінің басшылық құрамы бекітілді
БҰРСА: ТУРИЗМ МЕН СПОРТ САММИТІ