Шығыстану мамандығы, қытайтану кафедрасы-болашаққа жаңа бағыт

admin2 2017-11-22 0 ℃ Қысқаша

Мен, Аягөз қаласында туып өстім, №5 мектепті тәмамдадым. 2015-2016 жылдарда Қытайда Пекин...

26991748_10215845506475041_620621222938646593_n.jpg

 

     Мен, Аягөз қаласында туып өстім, №5 мектепті тәмамдадым. 2015-2016 жылдарда Қытайда Пекин қаласында орта білімді оқу оқыдым. Білім алу кезінде қытай тілін үйрендім.Қытай мәдениетін, халықтарының тұрмысымен, салт-дәстүрімен таныстым.

   

     Қазірде Қазақстандағы жоғары сатыдағы, тарихы 1934 жылдан бастау алатын, білімі жағынан да жоғары, талай түлектердің арманына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін.

     Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. 2000- нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен академиктер жұмыс жасайды.

      Факультетте қытай тілінен өзге корей, жапон, парсы, араб, түрік тілдерін үйретеді. ҚазҰУ- не тән ерекшелік- қос диполом бағдарламасы. Яғни студенттер I-II курсты ҚазҰУ-де жалғастырып, III-IV курсты Қытайдың Лянджоу қаласында жалғастырып, екі елдің дипломын да алып шыға алады.

       Менің шығыстану факультетін, яғни қытай тілін, қытай тарихын оқытуды таңдаған себебім, алған білімімен Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен дамуы үшін өз үлесімді қоссам деймін. Сондықтан бізге дәріс беріп жатқан ұстаздар қауымына, соның ішінде Шарыпқазы Н. аға-кураторыма рахмет айтып, шексіз алғысымды білдіргім келеді.

 

 

                                                                                            ,

                                                                                                                                               Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті,

қытайтану кафедрасының

Оқытушысы Шәріпқазы Н.                                                

 Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті,

қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Зейтаева Диляра


Қазақ ботаника ғылымының бәйтерегі - Академик Наштай Мұхитдинұлы
Айтулы білім ордасы