Былтыр Қазақстанда жарты миллионға жуық бала дүниеге келген

Уақыты: 2021-02-19 Көрлімі: 79651 Сипаттама

2020 жылы Қазақстанда жарты миллионға жуық бала дүниеге келді, деп ҚР Стратегиялық жоспа...

20170725210055.jpg

2020 жылы Қазақстанда жарты миллионға жуық бала дүниеге келді, деп ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлаймыз.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын-ала деректер бойынша елімізде 425,6 мың туғандар тіркелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ға көп және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2%-ға артық (туғандар саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған).

19022021-1-1кз


2020 жылдың көрсетілген кезеңінде қалалық жерлерде туғандар саны 248,7 мың адам немесе 58,4%, ауылдық жерлерде - 176,9 мың адам немесе 41,6% болды.

Барлық туғандардың жартысынан көбі елдің 6-облысында тіркелген: Түркістан (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) тіркелген.

19022021-1-2кз

19022021-1-3кз

1000 адамға шаққандағы туу санын көрсететін туудың жалпы коэффициенті 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1000 адамға 22,40 туғандарды құрады.

Бір әйелдің бүкіл репродуктивті кезеңінде туатын балалар санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті 2020 жылдың 12 айындағы алдын-ала деректер бойынша бір әйелге 3,12 баланы құрады.

 


Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі
    Қазақстанда компьютер техникаларының өндірісі артып келеді