"Жебеу" Республиқалық қоғамдық бірлестігі

Уақыты: 2017-12-01 Көрлімі: 448 Сипаттама

"Жебеу" Республиқалық қоғамдық бірлестігі 2009 жылы 26-шы қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ресми тіркеліп, белгіленген заң аясында жұмыс атқарып келеді....

"Жебеу" Республиқалық қоғамдық бірлестігі


"Жебеу" Республиқалық қоғамдық бірлестігі 2009 жылы 26-шы қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ресми тіркеліп, белгіленген заң аясында жұмыс атқарып келеді. Бірлестіктің басты құрылтайшылары - тәуелсіздіктен кейін ҚХР-нан отанымызға оралған қандастарымыздан құралған, олардың басым бөлігі еліміздің шағын-орта кәсіп саласында еңбек етіп жатыр. Бұдан сырт бірлестік құрамында дәрігер, профессор, журналисттер бар. "Жебеу" республикалық қоғамдық бірлестігін құрудағы мақсат бірлестіктің жарғысында былай деп көрсетілген. "... Республика аумағына қоныс аударған, этникалық көшіп келушілерді әлеуметтік, саяси және құқықтық жағынан қорғау, олардың лайықты өмір сүруі мен жергілікті жағдайға бейімделуі, сондай-ақ кәсіпкерлік-шаруашылық қызметпен айналысуына көмек көрсету мақсатында құрылады. " Бірлестік құрылған күнінен бастап, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықтық қарым-қатынастарға көп көңіл бөліп, Отанымызға оралған қандастарымызға құқықтық, заңдық тұрғыдан кеңес беріп, екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым, өнер саласындағы қимылдарға белсене ат салысып келеді. Бірлестік құрылғаннан бері жүзеге асқан бірнеше маңызды жұмыстарды атап өтейін:

1. 2011 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су бөгеті жарылып апат болғанда зардап шеккен ауылға 20 тонна ұн көмекке берді, әрі адам шығыны болған 3 отбасыға қаржылай көмек атады.

2. 2014 жылы Маусым айында Алматы облысы Қарасай ауданында кірпіш завод ашқан бір кәсіпкер Қытайдан келген 30-дан астам қандастарымыздың паспорттарын тартып алып, оларды құлдыққа жеккенін естіген соң, аудандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, олардың құлдықтан құтылып, еңбек ақыларын алып, еліне қайтуына жәрдем бердік.

3. 2014 жылы Ақпанның 24-і күні, Алматыда ұлттық баспасөз клубында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерзімінен бұрын президентік сайлау өткізуін қолдап, баспасөз мәслихатын өткіздік әрі елге оралған қандастарымызды ұлт көшбасшысын қолдауға шақырдық.

4. 2015 жылы Ақпанның 12-сі күні мәжіліске келіп түскен еңбек және көші-қон заңының таныстырылымына қоғамдық ұйым атынан қатынастық әрі мәжілістегі аталмыш заңды талқылайтын жұмыс тобына 2 өкілімізді жіберіп, жұмыс тобының 18 отырысына қатынасып тиісті ұсыныстарымызды айттық.

5. 2015 жылы Ақпанда халықаралық " Жәнібек батыр " қоры Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына байланысты көркем шығармаға бәйге жариялағанда, сол қорға қаржылай көмектестік.

6. 2015 жылы Қазан айының 1-і күні Бірлестіктің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы мен бірлестіктің жорасы әрі бұрынғы төрағасы Талғат Мамырұлы Қытай қоғамдық ұйымдардының шақыруымен Пекинде өткізілген "Қытай халқының Жапонға қарсы және әлемдік фашизмге қарсы соғыстың жеңіске жеткен 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген әскери парадтың " құрметті қонағы болып қайтты.

7. 2015 жылы Қыркүйектің 29-ы күні қоғамда көп пікір тудырған еңбек және көші-қон заңы туралы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы, "Абай" қоғамдық сайтты қатарлы

қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аталмыш заң жобасының әттеген-ай жерлеріне қоғам назарын аудару мақсатында, ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткіздік.

8. 2015 жылы желтоқсан айында Қытайдан келген хандасымыз Әбілсейтұлы Басайдың екі бүйрегі істен шығып,өміріне хауіп төнғенде,бірлестіктің құрметті төрағасы Мұқаметханұлы Набижан мен бірлестіктін жорасы Әріпұлы Базарәлі бас болып бірлестік жоралары мен Алматыдағы қандас кәсіпкерлердің басын қосып жылу жыйнады, нәтижеде 40мың АҚШ долларына таяу ақша жыйналып,қандасымыздың бүйрегі ауыстырылып, өміріне төнген қауып сейілді.

9. 2016 жылы қаңтардың 8-і күні ҚХР Шыңжаң Үрімжі қаласында бірлестік құрылтайшысы Рақат Қадырұлының бастамашылдығымен “Алтай аймығының тұңғыш реткі қазақ этнографиялық мәдениет, саяхатын дамыту туралы ” талқы жыйын өткіздік. Қазақстаннан Нәбижан Мұхаметқан, Ахмет Тоқтарбай, Омарәлі Әділбекұлы қатарлы кісілер қатынасып баяндама жасап, сөз сөйледі.

10. 2016 жылы наурыз айдың 5-і күні Алматы қаласында 150-ге таяу зиялы қауым өкілдерін шақырып Наурыз мерекесі мен 8-наурыз әйелдер мерекесін тойлап дастархан жайды.

11. 2016 жылы мамырдың 17-сі күні Пекин олимпиядасының қола жүлдегері Қанат Ислам Америкадағы кезекті жеңісінен кейін елге оралғанда Алматыдағы жанкүйерлер мен жастарды ұйымдастырып, әуежайда күтіп алдық, әрі бірлестік атынан батырға шапан жаптық.

12. 2016 жылы шілде айында қазақ, ұйғыр, дүнген қатарлы ұлттардан құралған делегация Іле – Қазақ облысының тұлпар мерекесіне барып қатынасты. Бірлестік Бейжің, Юннань, ШУАР Іле – Қазақ облысы сыртқы істер департтаменті делегациясының күтіп алды. ҚКП орталық комитеті үгіт – насихат бөлімінің, орталық мұқажырлар кеңсесінің, ШУАР саяси кеңесінің делегациясын күтіп алып, Алматыда қоғамдық ұйымдардың басын қосып, ағымдағы істер, екі елдің мәдени – экономикалық қарым – қатынасы жөнінде талқы жиын өткізді. 2016 жылы Қыркүйек айында бірлестік төрағасы ҚХР мұқажырлар қоғамының 60 жылдық мерейтойына барып қатынасты.

13.2016 жылы қыркүйек айында Алматы облысы, Жамбыл ауданында 3 азамат қарақшы қолынан қаза тауып, аты шулы оқиға туылғанда бірлестік ақпарат құралдарында мәлімдеме жариялап, қандастарымызды сабырға, берекеге шақырды, әрі құқық қорғау органдарынан қандықол қылмыскерлерді тауып, жазалауды талап етті. Қаралы 3 отбасыға 1 миллион 250мың теңге қаржылай көмек беріп, сот кезінде 300 мың теңгеге қосымша адвокат жалдап, аудандық облыстық сотқа бастан – аяқ қатынасты.

14. 2016 жылы Желтоқсан айының 7-сі күні марқұм ақын, сазгер Ермұрат Зейіпханұлының 50-жылдық еске алу кешін М. Әуезов қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткіздік сонымен бірге ақынның “Ғапыл – дүние” атты толық жинағын баспадан шығарып, Қазақстан жазушылар одағында тұсау кесер жасадық, артынан 250 дей зиялы қауым өкілдері шақырылып, ақынға арналып ас берілді.

15. 2017 жылы Қаңтар айының 8-і күні бірлестік төрағасы Омарәлі Әділбек ШУАР-дың халық құрылтайы, саяси – кеңес жиынына сырттай өкіл болып қатынасты. Бірлестік төрағасы 2017 жылы Қаңтардың 23 күні, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құлмұхамет мырзаның қабылдауында болып, бірінші, ЭКСПО кезінде шетелдік қонақтар тіркеуін жеңілдету немесе қонақ үй арқылы автоматты тіркеу, екінші, Қытай қазақтарын қинап отырған соттылығы туралы анықтаманы алып тастау

жөнінде жазбаша екі ұсыныс берді. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінде арнаулы хабарлар берілді.

16. 2017 жылы Маусым айының аяғында өткен Дүниежүзі Қазақтарының 5-құрылтайына «Жебеу» атынан 4 адам делегат болып қатынастық. Әрі қауымдастыққа демеушілік жасап, қауымдастық жағынан алғыс хат алдық.

17. Өткен жылдың күзінен бастап, ҚХР-ның ШУАР-да белгілі себебтерімен паспорт жию басталды. Оның аяғы жерлгілікті орындарда біраз асыра сілтеге апарып соқты. Көптеген азаматтар осы іс жөнінде бізге шағымданған соң, біз қатысты орындарға, ҚХР-ы Қазақстандағы елшілігіне, ҚХР-ы Алматыдағы бас консулдігіне, ШУАР халық үкіметі сыртқы істер департаментіне, мұқажылар мекемесіне хат жаздық. Елшінің, консулдың, консул орынбасарының бірнеше мәрте қабылдауында болып, қатысты жағдайлар жөнінде пікір алмастық. Артынан ШУАР үкіметінен біріккен қызмет группасы келіп, Алматыда, Астанада талқы – жиын ұйымдастырып, пікір алмасты. Халықтан жиылған арыз – шағымдарды, «Жебеудің» атынан жазылған хатты сол кісілерге бердік. Қазір зейнеткерлердің жұмысы шешілді, қалған жұмыстарды ретімен шешіледі деп сенеміз.

Кері қайту
Кері қайту

Ұқсас тақырыптар