Н. Назарбаев: Ел экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Уақыты: 2019-01-30 Көрлімі: 653 Сипаттама

Қазақстан экономикасының барлық саласында жақсы қарқын байқалады. Бұл туралы бүгін Үк...

20190130113556.jpg

Қазақстан экономикасының барлық саласында жақсы қарқын байқалады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«2018 жылы экономиканың барлық саласында жақсы көрсеткіштер болды. Атап айтсақ экономиканың өсуі 4% жоғары болды, жалпы бұл дүниежүзілік орташа өсімнен жоғары: саудаға 7,6%, транспортқа 4,5%,  өнеркәсіпке 4%  артық өсім бар. Басқа салада да жақсы қарқын байқлады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші – 5,3 %. Солай деп жоспарлағанбыз. Елдегі капиталға инвестициялар 17%  жоғары. Бұл да жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.», - деді Назарбаев.


Мемлекет басшысы қалған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысының жақсарып, нақты табысының артуына өзінің септігін тигізетінін атап өтті. 

«Қазір осы бағытта аталған жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды талқылаймыз. Кеше мен бес әкіммен кездестім. Оның ішінде Алматының да әкімі бар. Есептерін тыңдадық. Өңірлерде істеп жатқан шаралар аз емес. Біздің бағдарламаларды орындау үшін атсалысып, жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР президенті.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев сенаторлар назарын жастардың бастамаларын қолдау қажеттігіне аударды
    Тұңғыш рет өткізіліп отырған "Ұлы дала" республикалық байқауы өз мәресіне жетті