ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Уақыты: 2019-02-25 Көрлімі: 922 Сипаттама

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы...

kimet-jii.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.


Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы  25 ақпан №849 жарлығы бойынша: 

Сонымен, Қазақстан Республикасының 11-інші Үкіметі:

Асқар Ұзақбайұлы Мәмин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі;

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.

Сондай-ақ, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.




Пікір жазу
  • Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды
    «Қызай ана» қоғамдық қоры студенттерге бір реткі стипендияға конкурс жариялады

    Ұқсас тақырыптар