НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ШАҚЫРУ

Уақыты: 2019-03-13 Көрлімі: 312 Сипаттама

«Қызай ана қоғамдық қоры» өз дәстүрі бойынша 21 наурыз күні сағат 11:00-де Алматы облы...


229de2de-3e36-4e09-9c11-0b9543ca32f4.jpg

       

«Қызай ана қоғамдық қоры» өз дәстүрі бойынша 21 наурыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы, Талғар ауданы Өстемір ауылында Наурыз мерекесін өткізеді. Бұл «Қордың» осы ауылда өткізген 9-ші Наурыз мерекесі. Биылғы Наурыз мерекесін  белгілі кәсіпкер Нұртай Нұрсапаұлы өткізіп отыр. 


Наурыз мерекесі барысында «Қызай ана қоғамдық қорының» жарғысына сай және Елбасының ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, жастарды білім мен ғылымға ынталандыру үшін студенттерге арналған бір реткі стипендияның конкурс жеңімпаздары марапатталады; Талғар ауданы бойынша жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнер өткізіліп, түйе палуанға "Қоңырбай палуан" атындағы бас жүлде беріледі; 5- сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына анралған сурет өнерінен мастер-класс және "Наурызым мерекем" атты мектеп оқушылары арасында сурет сызу конкурсын өткізіп, жеңімпаздар сертификат және сыйлықтармен марапатталады; Талғар ауданы Өстемір ауылы №14 мектептің оқуда озат, отбасында қиыншылығы бар оқушыларына және Нұра, Өстемір, Туғанбай ауылындағы отбасында қиыншылығы бар, көп балалы аналарға қаржылай жәрдем жасалады. Сонымен бірге талай жылдан бері xалқымыздың тұрмысындағы құнды жәдігерін жасаумен айналасып келе жатқан "Елмұра" компаниясы ұлттық қолөнер бұйымдары көргізбесін өткізеді.

 Ауылда мерекеге арнап ақбоз үйлер тігіледі, наурыз көже беріледі, ақ баталар айтылады. Белгілі өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, жұртты шаттықа бөлейді.

 Ауылда мерекеге арнап ақбоз үйлер тігіледі, наурыз көже беріледі, ақ баталар айтылады. Белгілі өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, жұртты шаттықа бөлейді. Барлықтарыңызды наурыз мерекесіне  шақырамыз, келіңіздер «Қорға» қорға  қолдау білдіріңіздер! 

        Сіздерді  21 наурыз күні Алматы облысы Талғар ауданы, Өстемір ауылы Қызай ана көшесі бойында күтеміз.


       «Қызай ана қоғамдық» қоры       

        Байланыс нөмірі: 87014396267

     


Пікір жазу
  • Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінеді
    Шыңжаң басшысы лагерьлерде қамалған адамдар саны туралы айтты