Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталады

Уақыты: 2019-04-10 Көрлімі: 286 Сипаттама

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28...

5b6c04a5d095b.jpg

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде  сағат 18.00-де аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын бекіту мәселесі қаралды.

«Негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде әзірленді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 61-1-бабы бойынша науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығы айқындалады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау жөнідегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2019 жылғы 10 сәуірден басталып, 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталады», - деп мәлімдеді Петров.

Kандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күні сағат 18-00-ге дейін жалғасады.  Кандидат ретінде тіркелу үшін ұсынылған тұлға 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өзінің және жұбайының кірістері мен мүлік туралы  декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, өзінің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыны  тапсыруы қажет. Тапсырылған декларацияларда кандидаттың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің рас еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу күшін жоя алады.

 Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың кемінде 2/3 бөлігін тең дәрежеде білдіретін  сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолдарын жинаумен расталады. 

2019 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша, ҚР ОСК елімізде дауыс беру құқығы бар 11 814 019 азаматты сайлаушылар тізіміне қосқан. Осылайша әрбір кандидатты қолдау үшін 118 140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналуы тиіс. Қол жинауды президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары  ұйымдастырады.



Jebeu.kz

Пікір жазу
  • 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді
    Тоқаев: Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз

    Ұқсас тақырыптар