Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды

Уақыты: 2019-06-21 Көрлімі: 271 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған жолдауы бар «уақыт капсуласын» са...


ffec00108d9b539020d6147e82abf20e.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған жолдауы бар «уақыт капсуласын» салды.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін бұл жолдаудың ерекше мәні бар екенін айтты.

– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қазіргі ұрпағының келешек өсіп-өркендеуі үшін зор мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

– Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін.  Әлем өзгереді. Бірақ Қазақстан мен қазақ орнында тұрады. 2050 жылы Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енеді. Сонда осы капсуланы ашып көріп, менің үндеуімді оқитын боласыздар. Келер ұрпақ біз сияқты ел игілігіне жұмыс істесін деген оймен осы капсуланы салайық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді. 

 Уақыт капсуласы табиғи тастан жасалған. Көне сақтар мен түріктер тасқа ақпарат таситын киелі материал ретінде қараған. Капсуланың сырты сақтар заманындағы суреттермен, аң стилімен бедерленген. Жобаның авторы суретші Санжар Жұбанов.

 Композицияның ортасында латын қарпімен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың келешек ұрпаққа арнаған уақыт капсуласы. Қойылған  күні - 21.06.2019 жыл, ашылатын күні - 22.06.2049 жыл» деп жазылған.

20190621110552.jpg

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті
    Омарәлі Әділбекұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды