Халықаралық Әскери ойындарда Қазақстан қоржыны үш алтын медальмен толықты

Уақыты: 2019-08-15 Көрлімі: 815 Сипаттама

Қазақстан құрамасы Халықаралық Армия ойындары шеңберінде өткізілген «Артиллериялық а...

190814203220231a3556495i.jpg

Қазақстан құрамасы Халықаралық Армия ойындары шеңберінде өткізілген «Артиллериялық атыс шеберлері», «Сұңқар салу» және «Сенімді қабылдау» сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, алтынды қанжығаға байлады. Бұл туралыҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ сарбаздары «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауында алғашқы алтынына қол жеткізді. Жеке жарыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын сайыс күндізгі және түнгі уақытта өткізілді. Жарысқа қатысушылар белгілі бір бағытты жүріп өтіп, оқшашар, автомат және граната атқыштан, сондай-ақ миноатқыштан оқ атты. Түнгі уақытта нысананы көздеуге түнгі көру құралдары пайдаланылды. Ақтық эстафетада еліміздің мина ату бойынша көрсеткіштері жоғары бағаланып, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. 

1908142012011511f.jpg

Жеңіске жету туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының оқпен ату бойынша орынбасары, команда жаттықтырушысы, полковник Дәурен Есқожин: «Жеңіске бірнеше ай бойы тынбай жүргізген дайындық, команданың үйлесімді жұмысы, мықты жауынгерлік рух, табандылық пен айқын мақсат жетеледі. Сондықтан бұл қазақстандық артиллеристердің еңбегінің жеңісі» дейді. 

19081420120115112f.jpg

Үздік нәтижені көрсеткен келесі байқаудың бірі – «Сенімді қабылдау». Жарыста әскери байланыс қызметкерлері радиограмма арқылы байланысты ұстап, Морзе әліппесімен хабарламалар жіберіп, түнде жарық беру белгілерін қалта шамы арқылы көрсетті. Ал соңғы мәреде сайыскерлер кез келген тәсілмен байланысты орнатып, қажетті дабылды жіберуі тиіс. Бұл орайда біздің құрам бірінші кезеңде-ақ бірден басымдық танытып, сайыстың барлық кезеңдерінде үздік көрінді.

1908142012011518f.jpg

 Елімізге тағы бір жеңісті сыйлаған – «Сұңқар салу» байқауы. Бұл үш кезеңнен тұратын сайыс. Бірінші кезең –   ұшқышсыз ұшу апараттарының дайындығы және күндізгі әуе барлауы, екінші кезең – биіктеп ұшу, әуе барлауы және түнде артиллерия оқтарын қалыпқа келтіру деп аталады. Мұндағы шешуші кезеңде әр елден үш ұшқышсыз ұшу құрылғылары алма кезек іздеу, анықтау және объектілердің координаттарын белгілеу тапсырмаларын орындады. 

1908142012011514f.jpg

Айта кетерлігі, биыл елімізде өткен Халықаралық Армия ойындарына Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Иран, Сирия, сонымен қатар Венесуэла және Зимбабве мемлекеттері Қарулы Күштерінің әскери шеберлері қатысты.  

Аталған үш байқаудың жеңімпаздары мен сайыс жүлдегерлерін марапаттау 15 тамыз күні «Отар» әскери полигонында АрХО-2019 салтанатты жабылу рәсімі аясында өтеді.

19081420120115111f.jpg

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
    Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі

    Ұқсас тақырыптар