Елімізде 100 мегаватты күн станциялары іске қосылды

Уақыты: 2019-12-19 Көрлімі: 1313 Сипаттама

Энергетика саласында жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 104,2 млрд....

1522990362_article_b.jpeg

Энергетика саласында жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 104,2 млрд.кВт/сағ құраған. Яғни, өндіру көлемі еліміз бойынша тұтыну көлеміне сәйкес келетін болып шықты. Биыл 23 жаңартылған энергия көздері нысаны пайдалануға берілді. 


2018 жылы электр энергиясын өндіру көлеміндегі жаңартылатын энергетика үлесі 1,3% болған. Ал 2019 жыл қорытындысы бойынша осы үлес 2,3%-ға дейін көтеріледі деп күтілуде. Елімізде 100-мегаватты күн станциялары іске қосылды. Атап айтсам, Алматы облысында – Қапшағай ауданында, Қарағанды облысында – Саран қаласында, Жамбыл облысында – Бурное кентінде, - деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бүгінгі баспасөз мәслихатында. 


Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Жамбыл облысында 50-мегаватты, Ақмола облысының Ерейментау қаласында 45-мегаватты және Маңғыстау облысында 42-мегаватты жел станциясы жұмыс істей бастады. Ал, елордаға жақын жерде 100-мегаватты жел станциясының 1-ші кезегі пайдалануға берілді. Келесі жылы осы станцияның 100 мегаваты толық іске қосылатын болады. Бұл еліміздегі ең ірі жел жобасы болмақ.


Жылдың соңына дейін қуаты 52,9 МВт болатын 2 ЖЭК объектісі пайдалануға берілмек. Осылайша, 2018 жылмен салыстырғанда биыл ЖЭК объектілерінің саны 20-ға артты; ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 2 есе өстіү Яғни, 2018 жылы 537 МВт болса, 2019 жылы 1061 МВт дейін жетті. 2020 жылы ЖЭК объектілерінің санын 108 (1610 МВт), 2021 жылы 119-ға дейін (2096 МВт) жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп түйіндеді өз сөзін ведомство өкілі. 


Жалпы, республика көлемінде белгіленген қуаты 1008,1 МВт болатын 88 жаңартылған энергия көздері объектісі жұмыс істейді.

Роза Ысқақ

Дереккөз: Baq.kz

Пікір жазу
  • Каспийдің қазақстандық бөлігінде жылына 72,5 тонна мұнай өндіру көзделуде
    Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті

    Ұқсас тақырыптар