Антисептикті қалай қолдан жасауға болады

Уақыты: 2020-03-25 Көрлімі: 76 Сипаттама

Коронавируспен қорғануда медициналық маскамен бірге антисептиктің қажеттілігі артуд...

200325120149622e.jpg

Коронавируспен қорғануда медициналық маскамен бірге антисептиктің қажеттілігі артуда. Сұраныс көп болғандықтан оны дәріханалардан таба алмауымыз мүмкін. Осы орайда антисептикті қолдан жасаудың әдісін ҚазАқпаратқа сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында антисептиктердің рецептін жария етті. Оны қолдан оп-оңай жасап алуға болады. Ол үшін сізге медициналық спирт, үш пайыздық сутегі асқын тоғы (шамамен шай қасығындай), глицерин (шай қасығының жартысындай) мен қайнатылған су (10-12 мл) керек.

Антисептикті дайындау үшін спиртті үлкендеу ыдысқа құясыз. Мензурка немесе шприцтің көмегімен оған сутегі асқын тоғын қосасыз. Осыдан кейін осы қоспаға глицеринді араластырасыз. Мензурканы пайдаланбас бұрын оны ыстық сумен бір шайып алу керек.

Осы қоспаны артынша қайнатылған суға араластырасыз. Талғамыңызға қарай аздап бояғыш немесе ароматизатор қосып қоюға да болады. Спирт ұшып кетпес үшін ерітіндінің бетін жауып қою керек. Осыдан кейін осы қоспаны абайлап флаконға құйып аласыз.

Дайын антисептикті беті жабық ыдысқа құйып қойып, 72 сағатқа қалдыру керек. Үш тәуліктің ішінде спирттегі немесе флакондағы микроағзалардың көзі жойылады.


Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавирс жұқтырғандар саны 72 адамға жетті
    Коронавирустан жазылған екі адам Алматы тұрғыны

    Ұқсас тақырыптар