ТЖ кезінде Қазақстанда қалып қалған шетелдіктер санкциясыз ел аумағынан шыға алады

Уақыты: 2020-06-26 Көрлімі: 949 Сипаттама

Төтенша жағдай кезінде Қазақстанда қалып қалған шетелдіктер ешқандай санкциясыз, қосы...

7b4497aaf1c0903dcfa4ab3a8758e336-small.jpg

Төтенша жағдай кезінде Қазақстанда қалып қалған шетелдіктер ешқандай санкциясыз, қосымша құжаттарды рәсімдемей, ел аумағынан шығып кете алады. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Полиция полковнигі, көші-қон қызметі комитетінің басқарма бастығы Асқар Алдоңғаров айтты. 

«Төтенше жағдай уақытында Қазақстан аумағына уақытша келген және белгіленген мерзімде елді тастап кете алмаған көшіп келушілерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіндегі санкциялар қолданылмайды. Осы жылдың 10 шілдесіне дейін шетелдіктер қандай да бір қосымша құжаттарды рәсімдеусіз Қазақстан аумағынан шығып кете алады. Соттың шығарып жіберу туралы заңды күшіне енген шешімдері бар адамдар белгіленген мерзімде шығып кетуге міндетті. ҚР-да қалғысы келетін көшіп келушілерде негіздері болған жағдайда өзінің мәртебесін реттеуге құқығы бар. Мәселен төтенше жағдай режимі аяқталған күні еліміздің аумағында мәртебесі реттелмеген шамамен 115 мың шетелдік болды. Оның ішінде 25 маусымдағы жағдай бойынша 4 мың шетелдікке виза беріліп, рәсімделді. 17 мың шетелдікке уақытша тұру рұқсаты тапсырылды. 78 мың еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріліп, олардың осында болу мерзімі ұзартылды. Қазақстаннан 33 мың адам шығып кетті», - деді ол.

ІІМ осы ретте шетелдік азаматтарға тезірек мәртебесін айқындап алуды ескертті.


Пікір жазу
  • Коронавирустан үй жағдайында қалай емделуге болады
    Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса батылдық пен табандылық керек