Ә.Смайылов: Салықты жетілдіруге қатысты 77 ұсыныс қаралып жатыр

Уақыты: 2020-08-05 Көрлімі: 567 Сипаттама

«Атамекен бизнес» арнасының ресми жолдаған сауалына Премьер-министрдің бірінші орынб...

1551091707_news_b.jpeg

«Атамекен бизнес» арнасының ресми жолдаған сауалына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов оны растап, жауап қайтарды. Салықты жетілдіруге қатысты ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобының құрылғаны белгілі болды, деп  Atameken Business теларанасына сілтеме жасап хабарлаймыз.

 Түсіндірмеге қарағанда, ол 23-мамырдағы Үкімет қаулысына сәйкес,  Ұлттық экономика министрлігіне қарасты бекітілген. Жұмыс тобының бірнеше отырысы да өтіп қойыпты. Ал құрамына – Үкімет мүшелерімен қатар қоғамдық ұйымдар мен Парламент және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген.

 Әзірге салықтық түзетуге қатысты 77 ұсыныс түсіпті. Соның бірі – қосымша құн салағын 16%-ға, ал ұжымдық табыс салығын 24%-ға дейін өсіру. Бірақ оған бизнес-қауымдастық қарсылық білдіріп жатыр. Мәселен, «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер мен нан пісірушілер одағының» Президенті Егений Ган айтуынша, бұл – Үкімет үшін ғана болмаса, кәсіпкер үшін көк тиынға да пайдасы жоқ өзгерту. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қосымша құн салығы – 12%-ды, ал ұжымдық табыс салығы – 20%-ды құрайды. 


Пікір жазу
  • Асқар Мамин «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барды
    ХҚО өкілдері өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды

    Ұқсас тақырыптар