ДСҰ: СOVID-19-ға қарсы тоғыз тәжірибелік вакцина сынақтың екінші немесе үшінші кезеңінен өтеді

Уақыты: 2020-08-14 Көрлімі: 711 Сипаттама

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша әлемге коронавирусқа қарсы т...

image1170x530cropped.jpg

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша әлемге коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жасау мен өндіруге кем дегенде 100 миллиард доллар жұмсау қажет. Бұл туралы бейсенбі күні брифинг барысында ДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп  ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарының сайтына сілтеме жасап хабарлады.

ДДҰ басшысы Халықаралық валюта қорының бағалау деректерін келтірді. Аталған есепке сәйкес пандемия әлемдік экономикаға айына 375 миллиард доллар шығын әкеледі. Әлемдік экономиканың екі жыл ішіндегі жиынтық шығындары, дәл осындай бағалау бойынша, 12 трлн доллардан асады.

«Әлем пандемияның қысқа мерзімді салдарымен күресуге триллион жұмсаған. Тек G20 елдері пандемияның салдарын жою және жеңілдету үшін бюджеттік ынталандыру шаралары ретінде 10 триллионнан астам долларды жұмылдырды. Бұл әлемнің жаһандық қаржы дағдарысының салдарымен күресуге жұмсаған сомадан үш жарым есе көп», - деді Тедрос Адан Гебрейюс.

Тедрос Гебрейюс осы жылдың сәуір айында ДДҰ әлемдік көшбасшылардың тікелей қатысуымен пандемиямен күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың жаһандық бастамасын іске қосқанын еске салды.

«Үш айдың ішінде біз айтарлықтай нәтижелерге жеттік», – деп атап өтті ол.

ДДҰ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта тоғыз тәжірибелік вакцина клиникалық сынақтың екінші немесе үшінші кезеңінен өтуде. Әлем халқының шамамен 70%-ын құрайтын елдер бастамаға қосылды.

«Бұл COVID-19-бен күрес құралдарын әділ және тең бөлуді қамтамасыз ететін жалғыз жаһандық платформа. Бірақ бұл сәтті болуы үшін жобаны қаржыландыру қажет», – деді Тедрос Адан Гебрейюс.

Оның айтуынша, бұл – қазіргі әлемдегі ең тиімді инвестиция. ДСҰ бас директорының пікірінше, оңтайлы тәсілді дамыту мүмкіндігін арттыру үшін әлем бірнеше түрлі вакциналар жасауы керек. Тиімді және әмбебап вакцина жасалған кезде, оған деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі деп атап өтті.


Пікір жазу
  • 17 тамыздан кейін шектеу шаралары қалай өзгереді?
    Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы

    Ұқсас тақырыптар