Ақылбек Күрішбаев игерілмей жатқан жер мәселесін көтерді

Уақыты: 2020-09-10 Көрлімі: 90 Сипаттама

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев игерілмей жатқа...

unnamed (1).jpg

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев игерілмей жатқан жерлерге қатысты Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Ауылдық жерлерді өркендетудің негізі – жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытудың нақты механизмін қалыптастыру. Ол үшін ғарыштық мониторинг деректері негізінде, игерілмей немесе тиімсіз пайдаланып жатқан жерлерді қайтып алу жөніндегі жұмыстатрды белсенді түрде жүргізу керек. Сондай-ақ, оларды ең алдымен жеке қожалық шаруаларының жер мәселелерін шешу үшін пайдалану қажет», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Сонымен қатар сенатор ауыл шаруашылығының инфрақұрылымын дамытудың тиімді тетіктерін ұсынды. Депутат өз сауалында: Әкімшілік және аймақтық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары арқылы бюджеттік және несиелік қаржы есебінен қажетті өндірістік инфрақұрылымдарды салып, оларды кооперативтерге лизингке беру немесе бөліп төлеу арқылы сату мәселесін көтерді. Бұл жұмысқа серіктес ретінде шаруашылықтарды жұмылдыру қажеттілігін де атап өтті.

«Олар қолда бар өндірістік инфрақұрылымдарды пайдалану арқылы жаңа құрылған кооперативтердің қалыптасуын жеделдетуге қол жеткізеді», – дейді депутат.


Автор Руслан Ғаббасов


Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавирус қашан өршуі мүмкін?
    А. Аймағамбетов: Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс

    Ұқсас тақырыптар