Алматыда қандай жағдайда карантин күшеюі мүмкін?

Уақыты: 2020-12-07 Көрлімі: 306 Сипаттама

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қандай жағдайда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін...

201207135842533e.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қандай жағдайда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.  

«Біз апта сайын сарапшылармен, эпидемиологтармен жұмыс істейміз. Әр жұма сайын ZOOM арқылы барлық емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен жиын өтеді. Ол жерде эпидахуалдың жай күйі талқыланады. Ортақ палатада, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайын білеміз. Қандай тенденция болып жатқанына қарап болжам жасаймыз», - деді Б. Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, жазда қатаң карантин режиміне көшу мәселесіне қатысты арнайы алгоритм жасалған. Бұл стационардағы адам санына байланысты болмақ.

«Егер біз барлық талаптарды бұзып, әр жерде жүрсек, ара қашықтық сақтамасақ, күніне науқастар саны 100-105 адамға өссе, шараларды күшейтеріміз анық. Егер одан көп болса, одан да қатаң шараларға көшеміз», - деді әкім.


Пікір жазу
  • Ерлан Сайыров: Елімізде бақылау институты жақсы дамып келеді
    Қауіпсіздік сертификаты не үшін керек?

    Ұқсас тақырыптар