Асқар Мамин: Былтыр дер кезінде қабылданған шаралар арқасында барлық сын-қатер еңсерілді

Уақыты: 2021-01-12 Көрлімі: 309 Сипаттама

2020 жылы барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсе...

210112102159572e.jpg

 2020 жылы барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Дегенмен кейбір өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлі де бірқатар шектеу бар. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануымен қатар қызмет көрсету секторы да біртіндеп қалпына келе бастады. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда сауда және байланыс салаларын қалпына келтіру қарқыны жалғасуда», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 өңірде 7 негізгі көрсеткіштің бесеуі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалады. Бұлар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Төрт өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Олар – Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары мен Алматы қаласы.

«2020 жыл күрделі болды. Бірақ, барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік. Қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету - партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру арқылы қамтамасыз ету керек. Осының арқасында, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалынады. Осыған байланысты барлығымыз партияның бағдарламасын іске асыруға бар күш-жігерін салуы қажет», - деді Асқар Мамин.


Пікір жазу
  • ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады
    Үш партия Мәжілісте қанша мандаттан алды?

    Ұқсас тақырыптар