Қ. Тоқаеав: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

Уақыты: 2021-03-05 Көрлімі: 1299 Сипаттама

«Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілд...

210305110252485a3760891i.jpg

«Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазған Twitter-дегі жазбасында осылай деді.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бүгін XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы Әлихан Бөкейхантың туған күні. Бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА Ұлт көсемі атанған біртуар тұлға туралы көлемді материал жариялаған болатын.


Пікір жазу
  • «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады
    Биыл мұнай және газ-химия өнімдері өндірісінің көлемі қандай болмақ

    Ұқсас тақырыптар