Димаш еліміздің денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты

Уақыты: 2021-03-11 Көрлімі: 1483 Сипаттама

Әлемге танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500...


Әлемге танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты, деп Egemen.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз.


Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті.

– Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады, – деді ол.

Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйледі. Одан соң қиын-қыстау – пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

– Димаш жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 мың доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар, – делінеді қосымша ақпаратта.




Пікір жазу
  • Пандемиядағы оқу сапасының кемшілікті жою үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылады
    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды

    Ұқсас тақырыптар