Алексей Цой: Коронавируспен сырқаттану деңгейі 1,2 есе төмендеді

Уақыты: 2021-03-16 Көрлімі: 763 Сипаттама

Ақпан айында елімізде коронавируспен сырқаттану деңгейі қаңтармен салыстырғанда 30% тө...

210316104346948a3764837i.jpg

Ақпан айында елімізде коронавируспен сырқаттану деңгейі қаңтармен салыстырғанда 30% төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

«Қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда сырқаттанушылық деңгейі 30% төмендеді. Ал наурыз айында сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеуі байқалады. Дегенмен, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында аурудың өсуі байқалады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол бұл аймақтардың әкімдері сырқаттанушылық деңгейінің өсуіп кету себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, жедел шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

«КВИ жағдайларының себептерін талдау кезінде мына жағдай анықталды: өз еркімен қаралу кезінде КВИдің анықталуы – 45%, науқастанған адамдармен байланыста болғандар арасында анықталғандар – 35%, ал профилактикалық мақсатта емделіп жүргендер арасында анықталуы – 20%», - дейді ол.

Министрдің айтынша, елімізде сәуір айында  күніне 500-ге дейін коронавирус жағдайы тіркеледі деп күтілуде.

«Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасайтын жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, соның ішінде міндетті маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және қанша адамға вакцина егілетінін ескере отырып 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдай қалай болуы мүмкін екендігіне қатысты болжам жасады. Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында күніне 500-ге дейін коронавирус жағдайы тіркеледі деп күтілуде», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік тұрғыда қарағанда сәуір айында күніне 1700 жағдай тіркелуі мүмкін.

«Бірінші кезеңде вакцина иммунитетті қалыптастырумен шектеледі. Одан кейін салынатын вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына әсер етеді», - дейді ол.

  Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікір жазу
  • ҰҚК Шекара қызметі Отандастар қорының хатына жауап берді
    Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын талқылайды

    Ұқсас тақырыптар