Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды

Уақыты: 2021-04-05 Көрлімі: 1726 Сипаттама

Қазақстанның халық жазушысы, "Дарабоз", "Соңғы көш" романдарының авторы Қабдеш Жұмаділо...

FB_IMG_1617606343107.jpg

Қазақстанның халық жазушысы, "Дарабоз", "Соңғы көш" романдарының авторы Қабдеш Жұмаділов  дүниеден өтті.


Жазушының отбасы,  бала-шағасына, барша оқырмандарына  көңіл айтамыз. 

Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірінің соңына дейін қазақ халқының тәуелсіздігінің баянды болу жолдында, ұлттық мүдденің жоқтаушысы болды. Шығармаларын да қазақ халқының тарихи түрлі қиын кезеңдеріндегі тағдырына арнаса, зиялы қауым өкілі ретінде қоғамдағы түрлі мәселелерге өз пікірін батыл жеткізіп тұрды. Әсіресе, тіл мен діл, шетелдегі және елге оралған қазақтар мәселесінің басы-қасында болды.

FB_IMG_1617606328639.jpg

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Іле қазақ облысы,  Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.


1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылды. 1962 Қытайдан атамекенге бағыт алған қазақ көшінің көшбасысының бірі болып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарған.


«Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.


Пікір жазу
  • Омарәлі Әділбекұлы: Қытайдағы қазақ әдебиеті руханиятымызға қосылған асыл мұра
    Коронавирусқа қарсы отандық вакцина өндірісі сәуірдің соңына қарай басталады

    Ұқсас тақырыптар