Қазақстандық спортшылар бүгін үш қола медаль алды

Уақыты: 2021-08-05 Көрлімі: 235 Сипаттама

Бүгін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 3 қола медаль салды. Б...

210805121659361e.jpg

Бүгін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 3 қола медаль салды. 

Бүгінгі алғашқы «қоланы» 52 келідегі боксшы Сәкен Бибосынов алып келді. Ол ұлыбританиялық Галал Яфайдан жұдырық түйістірді.

Үшінші раундта Сәкеннің басымдығы байқалды. Қорытынды нәтижеде төрешілер ұлыбританиялық боксшының қолын көтерді. Алғашқы екі раундта қарсыластар тепе-тең деңгейде ойын көрсетті. 

Сәкен Бибосынов 1997 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.Сәкен Бибосынов - ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы.

Одан кейін қола медальға еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрислам Санаев қол жеткізді. Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. Айта кетсек, бұл - қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі. Нұрислам Санаев 1991 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионаттарында 2018 жылы - күміс, 2019 жылы қола жүлде алған. 2018 жылы Азия чемпионатында жеңімпаз болса, 2017 жылы үшінші орын бұйырды.

Ел қоржынын үшінші «қоламен» каратэші Дархан Асаділов толықтырды. Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен ұтылып қалды.

Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. Ол 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Азия чемпионаттарында бірнеше рет жеңіске жеткен.

Еске салсақ, Қазақстан еншісінде барлығы 7 қола медаль бар. Жүлделерді бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алып келген еді.

13-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар кестесінде кешегі 75-інші орыннан 76-ға сырғыды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фотр: olympic.kz



Пікір жазу
  • Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілген?
    Бейжіңде Абай оқулары өтті

    Ұқсас тақырыптар