Бейжің-2022: Қазақстандық олимпиадашылар жарыстарын 3 ақпанда бастайды

Уақыты: 2022-01-31 Көрлімі: 303 Сипаттама

Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3-ші ақпан күні бастайды, деп Egemen.kz сайтын...


Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3-ші ақпан күні бастайды, деп  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Олимпиада оындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді.

Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:

3 ақпан

Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу Могул, ерлер. Бірінші іріктеу

5 ақпан

Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал

6 ақпан

Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Гаухар Қапаш

Egemen.kz

Пікір жазу
  • Елбасы: Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс
    Мұрат Нұртілеу ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар