Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Уақыты: 2022-02-28 Көрлімі: 197 Сипаттама

ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп ҚазАқпа...

220228093553186e.jpg

ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізілетін болады.

Сурет: Ашық дереккөз

Пікір жазу
  • Украинадағы жағдайға қатысты бейбіт шешім қарастыру керек - Мәулен Әшімбаев
    Украина президенті Ресеймен келіссөздің әзірге нәтижесіз екенін айтты

    Ұқсас тақырыптар