Қытай консулдығы құжаттарды электронды түрде қабылдай бастады

Уақыты: 2022-03-03 Көрлімі: 1101 Сипаттама

Құрметті Қытайдан келген қандастар, әлемдік пандемия басталғаннан бері Алматыдағы Қы...

89c45e896fe20ea0.jpg

Құрметті Қытайдан келген қандастар,  әлемдік пандемия басталғаннан бері Алматыдағы Қытай консулдығы жабық болып, ҚР азаматтарын қабылдамаған еді. Осы уақыт аралығында Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне, Қытай консулдығына хат жазып және Қытай консулдығымен онлайн кездесу өткізіп, Қытайдан тусшылап келіп қайта алмай қалған қандастардың мәселесін, екі арасындағы түрлі құжат айналымына байланысты кедергілерді талқылған еді. Қазіргі кезде Қытайдан туысшылап келіп, еліне қайта алмай қалған қандастар өзге елдер арқылы Қытайға қайтып жатыр. Енді бұдан кейін үшінші елсіз тікелей қарым-қатынастың орнауын көтеріп жатырмыз. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіліп қалады.  Сондай-ақ Қытай консульдығының жақыннан бастап ашылып, ҚР азаматтарының  да түрлі құжаттарын қабылдай бастағанын естеріңізге саламыз. 

Енді Қытайдағы жылжымайтын мүлікті сатуға, зейнетақыны қалпына келтіруге байланысты түрлі сенімхаттар мен Қытай дипломын, неке куәлігін растау үшін консулдың таңбасын бастыру сияқты көптеген қызметтерге жүгінбек болсаңыз консулдықтың consulatealm@yandex.kz электронды почтасына құжаттарыңызды жіберулеріңізге болады. Қытай консулдығы құжаттарыңызды қарап, тексеріп, қашан қабылдайтыны туралы кері байланыс орнатады. 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі


Пікір жазу
  • Украина президенті Ресеймен келіссөздің әзірге нәтижесіз екенін айтты
    Мемлекет басшысы әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады

    Ұқсас тақырыптар