Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс ?

Уақыты: 2022-08-16 Көрлімі: 185 Сипаттама

Экономист Бауыржан Исабеков жинаған қаражатты қалай үнемдеу, тіпті кей жағдайда оны кө...

220729125802021e.jpg

Экономист Бауыржан Исабеков жинаған қаражатты қалай үнемдеу, тіпті кей жағдайда оны көбейтуге қатысты кеңес берді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Бүгінде ақшаны бірнеше валютада сақтауға кеңес берер едім. Бірақ рубльге абай болу керек. Өйткені ресми бағамы бір, ал қара нарықтағы бағамы мүлдем басқа. Бірнеше валютаның болуы жинағыңызды қауіпсіз және тұрақты етеді. Жинақты тең бөліктерге бөлуге кеңес беремін. Айталық, адам доллар, еуро, теңге және алтынға иелік етеді делік. Олардың соңғысы қауіпсіз инвестиция болып саналады. Сарапшылар бір валюта құлдыраса да, екіншісі қымбаттайды деп есептейді. Мұндай жағдайда адам ақшасыз қалмайды», - деді Бауыржан Исабеков ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер жинақты ұсынылған инвестиция түрлеріне ұтымды бөлсе, онда қолда бар қаражат үнемделеді әлі ұлғая түседі.

«Сонымен қатар ақша эквивалентіне назар аудармауға және үнемдеудің басқа жолдарын қарастыруға кеңес беремін: жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар, бизнес, даму. Егер IPO-ға шығарылған ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алсаңыз, онда олар да 17-20 пайыз пайда әкелуі мүмкін», - деді Бауыржан Исабеков.


Пікір жазу
  • Ұлттық қауіпсіздік қызметі 295 млн кибершабуылдың жолын кескен
    Үкіметте шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту мәселесі талқыланды

    Ұқсас тақырыптар