2023 жылға экономикалық болжам

Уақыты: 2022-12-29 Көрлімі: 208 Сипаттама

Фото: 7-su.kzЭксперттер 2023 жылы доллар 497,1 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жа...

7-su.kz

Фото: 7-su.kz

Эксперттер 2023 жылы доллар 497,1 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасауда. Жаһандық экономикалық өзгерістер тікелей халықтың күнделікті күн-көрісіне әсер ететіні сөзсіз. Қазақстандықтарды алаңдатып жүрген азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктердің қымбаттауы. Ал мемлекет басшысының «келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін», дегені екі есе алаңдатушылық тудырып отыр, деп El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Бағаның шарықтап өсуімен ең төменгі күнкөрістің өзі бір апталық азыққа жетпейді. Аталмыш мәселе бірінші кезекте халықтың ең осал топтарына зиянын тигізеді. Мемлекеттік бюджет бірқалыпты айналымда болғанымен, жаһандық тауар нарығы мен АҚШ-тың жоғары мөлшерлеме саясатының жалғасуы теңгеге қысым көрсетуі мүмкін екендігін экономистер ашық айтуда.

Экономикалық саясаттың сапасы төмен

Экономика тек ішкі ресурстарға ғана емес, сыртқы тұрақсыздық пен қатар әртүрлі факторларға да қарайды. Оған қоса біздің ел экономикасы импорттық тауарларға тәуелді. Геосаяси жағдайлардың әсерінен жоғары көрсеткіштерге жету қиын болса да, билік өкілдері бірқатар реформа қабылдап жатыр. Саяси тілден ауытқып, оқырмандарға түсінікті болу үшін білікті маман, экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековтың болжамымен бөлісуді жөн санадық.

«Келесі жылдың экономикалық трендін сипаттар болсақ "шок" жаңалықтар күтіп тұр деуге боларлықтай. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша экономикамыз 2%-дың төңірегінде өсіп жатыр. Осы үдеріс келер жылы да өзгеріссіз қалатындай. Өйткені үкімет пен ұлттық банктің жүргізіп жатқан экономикалық саясаты экономиканы одан бетер жоғары өсуіне екпін бере алмай отыр. Ал халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту үшін 5-7 пайыздық жылдық өсім керек», - дейді Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков.

Сонымен қатар, жаңа жылда ұлттық валюта қазіргі дәлізде сақталып, бұл тұрғыда алаңдамауға болатынын атап айтты. Жылдық экономикалық қорытыншы бойынша, сыртқы экономикалық ағымдағы есепшот профицитпен аяқталып жатыр. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың бірінші кварталында сақталатын болады деп болжануда.

Қаржыны қалай сақтау керек?

Ақшасы бар адам қаржысын сақтау мен арттыруды ойлайды. Мемлекеттің азаматтары өздерінің жалақысының 70%-дан аса бөлігін күнделікті қажеттілікке, несиесіне, коммуналдық шығын сияқты базалық төлемдерге жұмсап, өзінің дамуына немес есепшот қорына 15-20%-ы ғана қалатын болса, бұл қаржыны қалай сақтау керек?
«Шындығын айтқанда, халықтың 80-90 пайызы қаржысын сақтамақ түгілі азық түлікке жеткізе алмай отыр. Биылғы экономикалық қауіпсіздіктегі тәуекелдің бірі бағаның түбегейлі өсуі болды. Ал қаржысы жетерлік жандарға кеңес айтар болсам, әр түрлі валюталарда сақтаған дұрыс. Бірінші – евро, екінші – доллар, сосын ұлттық валюта – теңге. Қымбаттау бойынша, азық-түлік 20-30 пайызға көтеріліп кетті.  Бүгін ертен шешілетін мәселе емес. Бірінші жарты жылдықта тұрақталады деген сенімдеміз. Бұл -жаһандық үдеріс. Ішкі экономикалық саясатта бағаны ұстап тұруға барынша жұмыстар жүргізіліп жатыр».

Қауіпті бизнес

Әр минут сайын өзгеріп жатқан заманда бір істің басын бастау қиын. Орта бизнестің өзіндік қаупі жетерлік. Онлайн бизнес шарықтап тұрған сәтте өнеркәсіптік бастамаларға инвестиция құю үлкен тәуекелді қажет етеді. Маман ретінде жаңа жылда қандай жаңа бастамаларға қаржы құюға болады?

«Нарықта көптеген көптеген бизнес түрлері бар. Қазір заман тез өзгеріп жатыр. Сондықтан қысқа мерзімді жобаларға салған дұрыс. Егер үлкен жобаларға үлескер болсаңыз сіз айналымға шығу үшін кем дегенде 2 жыл уақыт керек. Ал ол кезге дейін сіздің өніміңіз актуалдығын жоғалтып алуы мүмкін. Біздің елдің даму әлеуетінің төмен болғаны да осы инвестиция әсер етуде. Себебі біздің мемлекет ірі көлемдегі шараларға инвестиция құйған».

Алдағы жылға жасалған экономикалық болжам бойынша 2023-2027 жылдарға арналған экономиканың даму жоспары оптимистік, писсимистік және базалық жоспар бойынша әзірленіп жатыр.

Айым Даниярқызы

Дереккөз: El.kz

Пікір жазу
  • Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
    2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

    Ұқсас тақырыптар