Сәкенн Сейфуллинның100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды

Уақыты: 2018-09-28 Көрлімі: 1369 Сипаттама

Сәкеннің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды, деп жазады sakenmuseum.kz сай...

6d3531ec-810b-49ca-9c85-c12b874457c4-960x642.jpg

Сәкеннің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды, деп жазады sakenmuseum.kz сайты.

Белгілі қазақ ақыны Жеңіс Қашқыновтың баласы, аудармашы, журналист Ернат Қашқынов Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйраның бейнежазбасын Сәкен Сейфуллин музейіне әкеліп тапсырды. Бұл бейнетаспа Жеңіс ақынның жеке мұрағатынан табылған. Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшайра Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасуда 1994 жылы ұйымдастырылған.
Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы бейнетаспаны ерекше қуанышпен қабылдап, рухани мәні зор құнды дүниені музейге табыс еткен Ернат Қашқыновқа шексіз алғысын білдірді. Бейнежазбада жыр додасында өлеңдерін оқыған 25 ақынның бейнесі бар. Зырлаған уақытта тұрлау барма десеңізші. Содан бері ширек ғасыр өтті. Сондағы жыр додаға қатысқан Ғафу Қайырбеков, Асқар Егеубаев, Кәкімбек Салықов, Жеңіс Қашқынов қатарлы ақындар бүгінде бақилық болған. Рухани қазынаға және әкеден қалған мұраға ойламмен қарайтын Ернат Қашқыновтың еңбегіне ел риза болары анық. Өткен тарихтың куәсіндай болған аталмыш бейнетаспа алдағы уақытта ел кәдесіне жарары сөзсіз.

 Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

Дереккөзsakenmuseum.kz

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ. АҚШ пен Қытай арасындағы мәселелер
    Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Түркі әлемінің руxани-мәдени астанасын салайын деп отырмыз