Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен балаларды тегін оқытатын орталық ашылды

Уақыты: 2018-11-13 Көрлімі: 1556 Сипаттама

Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен балаларды тегін оқытатын «We Art» шығармашылық орталы...

IMG_4828.JPG

Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен балаларды тегін оқытатын «We Art» шығармашылық орталығы ашылды. Бұл - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе көпбалалы отбасында өскен жастардың білім алуына арналған алаң. Сондай-ақ, мұнда балалар үйі түлектерінің де белгілі бір мамандық иесі атануына мүмкіндік бар. «НАРХОЗ» университетінің ғимаратында бой көтерген ерекше орталық Болат Өтемұратов қорының қолдауымен құрылған.

70-ке жуық шәкірттің білім алуына мүмкіндік беретін орталықта, бүгінде 40-ға жуық жас өз тәжірибиесін шыңдауда. Қазіргі таңда мұнда негізінен орыс тілді жастардың көптеп білім алула. Осыған байланысты мамандар қазақ тілінде өзін дамытқысы келетін жастарды да мұндай жобадан тыс қалмауға шақырады.

IMG_4829.JPG


Болат Өтемұратов қоры қаржылық қиындықтарға тап болған жастарға жігер беретін жобаға қор тарапынан 21 миллион теңге бөлінген. «Мұндай бабалар үшін бұл тек ғана кәсби дағды қалыптастыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңда көбіне жетіспейтін жеке қасиеттерді жетілдіруге апаратын жол» - дейді Болат Өтемұрат Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

IMG_4822.JPG

«We Art» шығармашылық рталықтың маманы Айгүл Наурызбай «Орталық құрылардан бұрын арнайы зерттеу жүргізіп, қазіргі нарыққа ең қажетті деген мамандықтарды таңдадық. Қазір мұнда 40-ға жуық бала оқуға түсті, оларға үш ай бойы білім беріледі. Үш айдың ішінде балалармен бірге психологтар жұмыс істейді. Балаларды сөйлеуге үйретеміз. «We Art» шығармашылық орталығында жастарға камера, телефон және студияда қалай жұмыс істеу керектігін кәсби мамандармен бірге «Болашақ Бағдарламасыының» түлектері үйретеді. Сонымен қатар дизайнерлерге де берілетін мүмкіндік жетерлік» - деп курсқа қатысушылардың оқуын аяқтағаннан кейін, жұмысқа орналасу жағынан да көмектесетіндерін айтты.

IMG_4830.JPG

 Орталықпен байланыс жасап, толық ақпарат алу үшін «We Art» шығармашылық орталығының кураторы Айнұр Қалдығұловаға хабарласасасыз.  Телфон: 8707 207 15 28.

Орталықтың мекенжайы: НАРХОЗ университеті, Жандосов 55/4


Jebeu.kz

 

 

 


Пікір жазу
  • Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қауіпсіз әлемді құру үшін бірігуге шақырды
    Алдағы 20 жылда экотуризм қарқынды дамитын болады

    Ұқсас тақырыптар