Арзан тұрғын үй несиесін қалай алуға болады

Уақыты: 2019-01-17 Көрлімі: 746 Сипаттама

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"...

5770-6-aktivnost_na_rynke_nedv_ru.jpg

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтарға арзан несие алу жолын айтты.

«Біз таяуда қолжетімді несие алуға байланысты сараптама жүргіздік. Ең алдымен  өзге несие жүктемесі болмауы тиіс. Сондықтан ипотека алу үшін банкке жүгінбес бұрын өзіңнің барлық тұтынушылық несиеңді, өзге банктердегі несиелік карталарыңды жабуға тура келеді», - деді Ләззат Мбрагимова.

 Банк басшысының айтуынша,  бүгінде елімізде 6 млн адамның кепілсіз алынған тұтынушылық несие бар. «Бұл несие айфонға, тұрмыстық техникаға және басқа да қажеттілікке алынған. Аталған адамдар түрлі несиелік бағдарламаға қатыспас бұрын сол қарыздарын жауып алғаны жөн. Себебі есептеу тетіктері мынадай: отбасыңыздың орташа табысы есептелініп, ол отбасының әрбір мүшесіне бөлінеді. Біз оның несиені төлей алатындығын қараймыз. Барлық банктердің нормативтеріне сәйкес несие төленгеннен кейін сіздің табысыңыздың 50 пайызы өмір сүруіңізге, балаларыңызды мектеп апаруға, киіндіруге, тамақтандыруға жетуі керек», - деді ол. 

Оның айтуынша, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттердің төлем қабілетін  бағалауы барынша қолайлы. Өйткені, банкке жүгінетін азаматтар бірінші рет баспана сатып алуға ниетті және олар қалай болғанда да несиесін жабады.  Сонымен қатар ол елімізді бала туу көрсеткішінің артуына байланысты баспананы несиеге алушылардың да легі ұлғайып отырғанын баса айтты.  Банк тарапынан салымшыларға төленетін мемлекеттік сыйақының жыл сайын ұлғайып келе жатқанын  атап өтті. 

«Ағымдағы жылы 300 мыңнан астам адам мемлекеттік сыйақы алады. Ол 96 мың теңгеден  астам. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сыйақы 200 АЕК көлемінде аударылады. Ал 20019 жылы мемлекеттік сыйақы алғаш рет 100 мыңнан асып түсетін болады. 2019 жылыдң қорытындысында 101 мың теңгені құрайды», - деді Ләззат Мбрагимова.

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Елбасы Сириядан оралған Қазақстан азаматтары туралы мәлімдеме жасады
    Мықты ана тәрбиелеген адамдардың 14 ерекшелігі