Қытай мен Америка:кім мықты?

Уақыты: 2019-04-04 Көрлімі: 450 Сипаттама

Қытай экономикасының соңғы 40 жылдық ауқымды жетістіктері мен ғылым-техника жә...

  96bc926d45d57e8487d71928c61ac9c7_XL.jpg              

Қытай экономикасының соңғы 40 жылдық ауқымды жетістіктері мен ғылым-техника және іскери әлеуетінің артуы, өте-мөте әлемдік көшбасшылыққа ұмтылуы, әлемнің жіті назарын аударуда. Объективті тұрғыда да, өзге де Қытайдың қуаттануын қаламас елдердің нәсихатымен де, “Қытай үрейі” деген жел үдей түсуде. Әңгіме, сайып келгенде, әлемнің қазіргі “төбебиі” Америка Қытайды тектей алама дегенге тіреледі. Қытайдың ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық академиясы әлемдік банк, әлемдік валюта қоры, Америкалық экономикалық анализ бюросы, Қытай статкомы сияқты беделді ұйымдардың мәліметтеріне сүйеніп, осы екі алыптың экономика, ғылым-техника, білім, мәдениет, денсаулық, қорғаныс сынды салалардағы айырмашылығына сараптама жасаған екен. Қолданылған 40 көрсеткіштің 28-інде АҚШ басымдыққа ие болыпты, Қытай негізінен көлемдік көрсеткіштерден ырықтылық байқатыпты.

1. Жан саны. 2017 жылғы мәліметте ҚХР жан саны 1,39 млрд-тық көрсеткішпен АҚШ-ның (0.32млрд) 4.3 есесіне тура келеді.

2. Жан басына шаққандағы егістік жер көлемі. АҚШ ҚХР-ның 7 есесі. 2016 жылы АҚШ-ның егістік жер көлемі 1.9745млрд гектар, жан басындық көрсеткіші 0.7 гектар. ҚХР жеке-жеке 1.3492 млрд және 0.1 гектар.

3. Дипломатиялық байланыстағы елдер саны. АҚШ ҚХР-нан 19 елге көп. 2017 жылы ҚХР 171 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатыпты, ал АҚШ солтустік Корея, Иран, Будан, Судан, Сомалиден басқа барлық елдермен ресіми байланыста екен.

4. Жан басындық кірісі. АҚШ ҚХР-ның 15 есесі. 2017 жылы ҚХР тұрғындарының меңгеретін табысы 25.974 мың юан болса, АҚШ тұрғындарынікі 382 мың юан құрапты.

5. Жан басындық соңғы шығысы. АҚШ ҚХР-ның 15 есесі. 2015 жылғы Америкалықтардың ең соңғылық тұтыну шығысы 35.525 мың доллар болса, Қытайлықтардікі 2.401мың долларға тура кіріпті.

6. Тұрғындардың депозиті. ҚХР АҚШ-ның 2.5 есесі.

7. Жан басындық баспана. АҚШ ҚХР-ның 2.2 есесі. Тұрғын үйдің жан басылық құрылыс көлемі ҚХР-ында 40.8 шаршы метр, АҚШ-ында 90.2 ш.м.

8. 2017 жылы Американдықтардың межелі жасы 79 жастық көрсеткішпен Қытайлықтардан (76.5жас) 2.5 жасқа ілгері тұр.

9. Жан басындық денсаулық сақтау шығыны. АҚШ ҚХР-ның 22 есесі. 2016 жылы жеке-жеке 9536 доллар және 425 доллар.

10. Коофиценті. ҚХР АҚШ-ның 3.5 есесі. жеке-жеке 29.4% және 8.3%.

11. Жан басындық энергия жұмсау. АҚШ ҚХР-ның 3.3 есесі.

12. Мұражай мен кітапхана. АҚШ ҚХР-ның 5.4 есесі. АҚШ-да 16700 мұражай және 16968 кітапхана бар, ҚХР-ның мұражайы мен кітапханасын қоса санағанда 6200-ге жетеді.

13. Әскери қаражаты. АҚШ ҚХР-ның 4 есесі. 2017 жылы ҚХР-ның әскери бюджеті 150.5 млрд., АҚШ-нікі 620.8 млрд. доллар болыпты.

14. GDP көлемі. ҚХР АҚШ-ның 63%-і. 2017 жылы АҚШ GDP 19.39 трлн., ҚХР 12.25 трлн. долларды құрапты.

15. GDP өсу қарқыны. ҚХР АҚШ-ның 3 есесі. 2017 жылы жеке-жеке 6.9% және 2.3%.

16. Еңбек өнімділігі. АҚШ ҚХР-ның 12 есесі. 2017 жылы ҚХР еңбек өнімділігі 8253 долларға жетсе, АҚШ-нікі 101101 долларды еңсеріп, алдыңғысын 12 еселеген.

17. Үш шаруашылықтың (aуылшаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет көрсету) құрылымы. 2017 жылы ҚХР-ында үш шаруашылық құрылымы 8%, 40%, 52% құраса, АҚШ-ында бұлар жеке-жеке 1%, 17% және 82% көрсетіпті.

18. Жанбасындық GDP. АҚШ ҚХР-ның 6.8 есесі. 2017 жылы АҚШ жан басындық GDP 60015, ҚХР-нікі 8836 долларға теңесіпті. ҚХР осы көрсеткішпен әлемде 70-і орынға аяқ тірепті.

19. Мемлекеттік қарыз. АҚШ ҚХР-ның 4 есесі. 2018 жылдың нарыз айына дейінгі есепте, АҚШ-ның мемқарызы 20 трлн.-ға жетіп, жер шарындағы қарыздар көлемінің 31.8%-iн ұстап және ұлттық GDP-нің 107%-не жетіпті. Ал ҚХР-ның қарызы 4.97 трлн.-ды құрап, 3-орынды иелепті.

20. Бірінші шаруашылықтың құндық өсуі. ҚХР АҚШ-ның 5.4 есесі. 2016 жылы ҚХР бірінші шаруашылық 6.3671 трлн. юанға өсіп, GDP-дің 8.6%-ін ұстапты. АҚШ 177.6 млрд. долларға өсіп, GDP-дің 0.95%-ін иелепті.

21. Екінші шаруашылықтың өсуі. ҚХР АҚШ-ның 1.4 есесі. Жеке-жеке 4.4884 трлн. және 3.2361 трлн. долларды құрады.

22. Үшінші шаруашылықтың өсуі. ҚХР АҚШ-ның 38%-iне парапар. 2016 жылы бұл көрсеткіш ҚХР-да 5.8215 трлн. долларды көрсетсе, АҚШ-нікі 15.2108 трлн. долларды еңсеріпті. 23. Жаңа тепсіген шаруашылықтарда АҚШ-ның техникасы ылғары, ҚХР-ның көлемі кесек. Екі елдің де басымдық бере дамытып отырған жаңа өркендеген шаруашылықтары қарайлас, биология-дәрі-дәрмек, информатика, жоғары жабдықтар жасау, жаңа энергия сындылар.

24. Халықаралық сауда. Қытай саудаминнің есебінше, 2017 жылы ҚХР-ның АҚШ-на саудаcының оң салъдосы 275.8 млрд. доллар. Ал АҚШ-ның есебінше Американың теріс салъдосы 375.2 млрд. доллар. Айырмасы 99.4 млрд.. АҚШ-Қытай бірлескен статтобының санағынша, АҚШ-ның теріс салъдосы 260 млрд..Сонымен бір уақытта, АҚШ ҚХР-на қызмет көрсету бойынша 60 млрд. оң салъдоға ие. 25. Әлемдік 500 кәсіпорынның 126-ы АҚШ-на, 120-ы ҚХР-на тиесілі болып шықты.

26. Бизнес ортасының оңтайлылығы. Әлембанктің “2017 жылғы бизнестік орта баяндамасында” ҚХР 78-і орынмен АҚШ-нан 70 орынға кейін тұр екен.

27. Әлем экономикасының өсуіне үлестілігі. ҚХР АҚШ-ның 2 есесі. Қытай экономикасының өсімінің жер шары экономикасы өсіміне үлесі 2016 жылы 30%-тен асып, АҚШ-ын екі ораған.

28. Шығармашылық. “АҚШ жаратылыстық ғылымдар ұлттық қорының” зерттеуінше, 2016 жылғы ҚХР халықарада жарияланған мақалалар(SCI) саны 42600, ал ҚХР-нікі 40900 болған.

29. PCT патенті. 2017 жылы АҚШ-ның PCT өтінімі дүние жүзінің 24.62%-ін ұстаса, ҚХР 20.27% иелепті.

30. Нобел сыйлығы иегерлері. 2017 жылға дейін ғаламшарда 861 ғалым Нобел сыйлығын иеленсе, мұның 345-і Америкалық, 2-і құрлықтық Қытайдан  екен.

31. R&D қаржысы. АҚШ ҚХР-ның 2 есесі. 2016 жылы ҚХР-ның ғылыми зерттеуге жұмсаған қаражаты 228.55 млрд., АҚШ-нікі 506.26 млрд. доллар болыпты.

32. Зерттеу басымдығы. АҚШ биологияға, ҚХР информатикаға маңыз береді. АҚШ-ның ғылыми зерттеудегі басымдығы денсаулық, іргелік ғылым, ғарыш саласында. Мысалы, 2016 жылғы АҚШ-ның биология-емдеу бағытындағы мақалалары барлық жаратылыстық ғылымы мақалаларының 61.6%-ін ұстаған. Қытайда бұл көрсеткіш 39.2%.

33. Инновациялық қарым. 2017 жылғы ҚХР-ның инновациялық әлеуеті 17-і орынды иелесе, АҚШ әлемдік көш бастап тұр.

34. Жоғары технологиялы тауарлар экспорты. ҚХР АҚШ-ның 3.2 есесі. 2016 жылы ҚХР-ның жоғары технолргиялы өнімдер экспорты 496 млрд., АҚШ 153 млрд. доллар. Мұның ішінде ҚХР-ның АҚШ-на өнім шығаратын 100 мықты экспортшысының 70%-і шетелдің Қытайдағы кәсіпорындары болып табылады.

35. Зияткерлік импорт. АҚШ ҚХР-ның 1.7 есесі. 2017жылғы ҚХР-ның зияткерлік импортқа шығындаған сомасы 28.66 млрд, АҚШ-нікі 48.35 млрд доллар болған.

36. Ғаламдық 100 мықты университеттегі үлесі АҚШ ҚХР-ның 8 есесі. Бұл 100-діктің 41-і Америкалық ЖОО да, ҚХР-нан әрең 5 Университет кіреді.

37. Жан басындық білім бюджеті. АҚШ ҚХР-ның 8 есесі. 2015 жылы ҚХР-ның білімге жұмсайтын жан басылық қаражаты 423.8, АҚШ-нікі 3200 доллар болған.

38. Озық ғалымдар. АҚШ ҚХР-ның 8.7 есесі. 2017 жылы жоғары ақымен шақырылатын ғалымдар саны жер шарында 3532 адам екен де, мұның 1643-і АҚШ-нікі, құрлықтық Қытайдан 189 адам болыпты.

39. Қабылдайтын студенттер саны. АҚШ ҚХР-ның 5.2 есесі. 2017 жылы әлем бойынша 4.6 миллион студент-тағылымшы бөгде елден білім іздесе, мұның 1.1 миллионы АҚШ-на жол тауыпты, Қытайды таңдағаны 210 мың болыпты.

40. ЖОО-на түсу көрсеткіші. АҚШ ҚХР-ның 2 есесі. 2016 жылы АҚШ-да бұл көрсеткіш 87%, ҚХР-нікі 42.7% -ке жетіпті.

Қазіргі “әлемді Қытай жаулағалы жатыр, Американың күні батып барады” немесе “Трамп Американы қайта ұшпаққа шығарады, Ши бастаған Қытай құлаyға шақ қалды” делінетін сәуегейлер осындай негізді сараптамаларды қаперге алса екен деп үміттенеміз.

Қытайша материалдан еркін стилде аударып реттеген

   Құрмет Қабылғазы

   Jebeu.kz

 

 

  

 


Пікір жазу
  • Әр балаға - 21 мың теңге: Жәрдемақыға өтініштер қабылдана бастады
    ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ КЕДЕНДІК СТАТИСТИКАСЫ НЕЛІКТЕН ЕКІ БӨЛЕК?

    Ұқсас тақырыптар