Маған құшақ жайған білім әлемі

Уақыты: 2018-11-21 Көрлімі: 733 Сипаттама

Қазақ халқының білімінің сапасы күннен күнге артып,әлемдік деңг...

                                         49_full.jpg

Қазақ халқының білімінің сапасы күннен күнге артып,әлемдік деңгейге кіре бастады.Соның ішінде көптеген жылдар артта қалдырып,әр жыл сайын өзінің атын бірінші орында ұстап келген Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің ең үздік деген 200 университетінің қатарына енеді.Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарының белгілі бір сферадағы интеллектуалдық қабілетін көрсете алып, білімінің деңгейін сол қалпынан тайдырмай, мықты ұстап келе жатқандығына айғақ дәлел.

ҚазҰУ оттай жалындаған, берілмейтін қайтпас студенттерден құралған бір шаңырақтың астында жалындап жатқан 16 факультеттен  тұрады. Бұлай сипаттауымда шындық болмаса,өтірік мүлдем болмайды. Себебі,әр факультет әрдайым өзінің бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді және оларды бір-бірімен теңестіруге келмейді. Әр факультетте өзінің жоғары дәрежеде мамандырылған оқытушылары мен профессорлары білім беруде. Шет елден көптеген әртүрлі  ұлттағы студенттер немесе оқытушылар, профессорлар келіп білім беруде, студенттер сол ғалымдардан мол білім алуда. Әсіресе,  Шығыстану факультетінің құрамында басқа факульттерге қарағанда көбірек. Мысалға айтар болсақ қытайлар, корейлер, жапондықтар, түріктер, арабтар, үнділер, тәжіктер және т.б, бізге әртүрлі ұлт азаматтары келіп жатса, қазақ азаматтары да шет елге барып білімін алып, жаңа системасын біліп келуде. Факультеттен оқытушылар мен профессорлар немесе студенттер тілдің және ғылыми практикадан өту мақсатында Үндістан,Қытай,Корея,Түркия ,Египет және де т.б ЖОО-ына жібереді.

ҚазҰУ студенттерге мүмкіндігінше барлық ортада өзін таныту мүмкіндігін беруде. Яғни,студент тек білім жағынан емес, өзін басқа салада да дамыта алады. Университет қабырғасында осыдан 10 жыл бұрын 2008 жылдан бастап түрлі студеттік ұйымдар пайда бола бастады, соның ішінде «Көмек», «СББП», «Студенттер Сенаты», «Сұңқар», «Энактус» және де т.б ұйымдар студенттердің төрт жылдық өмірін тек сапалы біліммен қамтамасыз етіп қоймай, сондай –ақ қызыққа толы студенттік өмір  өткізуіне де болады.

Шығыстану факультеті,

қытайтану кафедрасының

1 курс студенті

Болат Әдемі

Жетекшісі: Шәріпқазы Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Білім мен болашаққа жол ашқан ҚазҰУ
    Алға жетелеген нұрлы арман

    Ұқсас тақырыптар