Сайлаудан кейінгі бірінші апта

Уақыты: 2019-06-17 Көрлімі: 532 Сипаттама

2019 жылдың 9 маусымында ҚР президенттік сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлау арқылы Тәуелсіз Қ...

27032e17dccc4f802a0dc740a39d970a.jpg

2019 жылдың 9 маусымында ҚР президенттік сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлау арқылы Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті сайланды. Сондықтан да осы сайлау өзге сайлаулардан өзеше болды. Қазақстан халқының басым бөлігі белсене қатысты. Міне сайлау өткелі де 1 апта өтті. Осы аралықтағы оқиғаларға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік.

Сайлау қортындысы

9 маусымда өткен ҚР президенттік сайлауына сайушылардың 77.4 пайызы қатысқан. 9 халқаралық ұйым мен 41 мемлекеттен мыңнан артық адам сайлауда бақылаушы болды. Сайлаудың қортындысы бойынша 70.76 пайыз дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенті болып сайланды. Оппозиция атынан қатысқан Әміржан Қосанов   сайлаушылардың 16.02 пайыз дауысын алдыы. Еліміздің әр облыс, қалаларынан сайлауға тәуелсіз бақылаушы болып қатысқан азаматтар мен әлеуметтік желі қолданушылары сайлау нәтижесіне келіпейтіндерін білдіріп жатты. ҚР президентігіне үміткер Әміржан Қосановтың жеңілісін мойындауына қарсы сын-пікірлерін білдіргендер де көп болды. Ал шетедік бақылаушылар сайлауды әділ өтті деп бағалады. Сайлаудан кейін алыс-жақындағы елдердің басшылары президентімізге құттықтауларын жолдады. Олардың ішінде мемлекет басшыларынан бөлек БҰҰ-ның бұрынғы және қазіргі Бас хатшысы да болды. Тура сайлаудың алдындағы сияқты сайлаудан кейін де Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әміржан Қосановтан басқа кандидаттар туралы пікір білдірушілер болмады.

images (1).jpg

Рухсат етілмеген митингілер және сақтық шаралары

Осы реткі сайлау аса бір жауапты да күрделі кезең болып табылады. Ел тәуелсіздігінен бергі елді басқарған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін кім келеді, билік ауысуы қалай өтеді деген сұрақ әркімде болды. Ота Азиядағы өзге көршілерімізде билік ауысуы президенттерінің биологиялық қуатының сарқырылуымен немесе төңкеріс арқылы ауысса, бізде осы жылдың 19 наурызында транзиттік жолмен ауысты. Қандайда бір елдің билік ауысу барысында өз ықпалын жүргізгісі келетін ішкі-сыртқы күштердің болары да анық. Сол сияқты біздің елден әлде бір мүдделерін іздеген сыртқы күштер де, Қазақстанның екінші президенті болуды ойлаған тұлғаларда, екінші президентке өз ықпалын жүргізгісі келетін күштер де, 20 неше жылдан бергі елде жүргізілген саясатқа көңілі толмайтын азаматтарымыз да бар. 19 наурыздан кейін осылардың нақты қайсысы екенін толық ажыратып білуге болмайтын елде бірнеше рухсат етілмеген митингілер болды.

Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап жатқан 9 маусым күні де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында көптеген адам наразылыққа шығып, сайлауға байкот жариялағандарын білдірді. ҚР Ішкі істер министрінің таратқан видеосында Нұрс-Сұлтан қарасындағы митингіге шығушылар алаңды қоршап тұрған әскерлерге қарысылық көрсетіп жатқандарын да көруге болады. Сайлау күні еліміз бойынша 500-ге таяу адамды ұсталған. ҚР Ішкі істер министрінің өкілдері 9 маусымда митингілерді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының мүшелері ұйымдастырғанын мәлімдеді.

10446747.jpg

10 маусымда кешкі 18.00 кезінде Алматы қаласы "Алғабас" шағын ауданындағы "Алатау" театры алдында айтыскер ақын Ринат Зайытов пен кинорежиссер Еркін Рақышевтың  бастамасымен сайлау қортындысына қарсылығын білдірушілер жиналды. Ринат Зайытов бастаған бірнеше адамды полиция алып кетіп, біраз сөйлескеннен кейін жіберді. Әлеуметтік желіде Ринат Зайтовты алып кеткенін естігеннен кейін арасында «31 арна» журналистері Мақсат Толықбай, Ерғанат Көпжасар, айтыскер ақын Рустем Қайыртай, әнші Сәкен Майғазиев, ақын Талант Арғынғали бар неше жүз адам Ішкі істер департаментінің алдына жианалып Ринатты босатуды сұрады. Осыдан кейін Ринат Зайытовтың босағаны туралы видео әлеуметтік желіде таралған. Сонда да "Целинный" кинотеатрының алдына жиналған халық тарамай қойған соң, Ринат Зайытов үйінен келіп, ортаға шығып өзінің аман екенін айтып, көпшілікке үйлеріне аман-есен тарау туралы сөз сөйлейді. Содан кейін жиналған көпшілік Төле би және Абай даңғылдарының бойымен топ-топ болып жүріп өтіп, үйді-үйіне тарасады. Бұл жөнінде Алматы қалалық Ішкі істер департаменті "Жиналғандар топ-топ болып тарап кетті. Бірақ олардың бір тобы жеке көліктерімен Төле би және Абай даңғылдарындағы қозғалысқа кедергі жасады. Үш-төрт көлік қатар жүріп, жылдамдықты ақырындатып, сигналдатып, іштегілер терезеден бастарын шығарған. Сөйтіп, қозғалысты тоқтатып тастады", - деп мәлімет берді.

11, 12 маусым күндері де Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірнеше адам ішкі істер басқармасына апарылды. 11 маусым күні белгісіз адамдар студенттердің ұялы телефондарына алаңға шығу туралы хабарламалар жіберген. 12 маусым  күні Алматы тұрғындарын сағат 18:00- де «Астана» алаңы мен Абай -  Байтұрсынұлы көшелерінің алдына жиналуға шақырған хабарламалар тарады. Осыдан кейін тағы күшейтілген тәртіп орнап, қалада адамдарды жұмыстан ерте босатты. 11, 12 маусым күндері кеште Алматыда көшелерілерінде қыдырушылардың өзі анақұрлым азайып кеткен. Керісінше полиция қызметкерлері адам көп жиналатын орындарды қоршап, сақтық шарасын көрсетті. Бұл күндері күнде ханбазардай қайнап жататын Алматының тіршілігі тыныштыққа ауысты.

12 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады. Кездесу барысында президент «Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек» деп тасырма берді.

13 маусымнан бастап наразылық білдіріп, көшеге шығушылар да болмады. Көшеде сақтықты күшейткен полициялар да азайып, бұрынғы қалпты жағдай қайта орнады.

ҚР Бас прокуратуарасының 14 маусымдағы мәліметінше 9-11 маусым аралғында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 957 адам ұсталған.  Оның ішінде 670 адам қамауға алынған. 115 адамға айыппұл салынып, 172-сіне ескерту жасалған. Сот шешімімен 311 адам босатылған. Нұр-Сұлтан қаласында 80 адам,  Алматыда 100 адам әлі қамауда отырғаны айтылды.

 

Президент сайлауының қорытындысы бойынша өткен баспасөз-конференциясы

10 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына 66, соның ішінде 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының атынан 107 тілші қатысты. Өткен президент сайлауына, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30-ға жуық сұрақ қойылды. Соның ішінде, Мемлекет басшысы жеке мәселелерге байланысты бірқатар сауалға жауап берді.

 

 

Президентті ұлықтау рәсімі

1b90ea39290e99085aee6652b7ef6577.jpg

12 мауым күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау  рәсімі өтіп, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант беріп, ҚР Қарулы күштері өкілдерінің салтанатты шеруін қабылдады.  Президентті ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешу жолдарын айтты. Алдағы уақытта баса мән беретін 10 бағытты атап өтті.  Олар: Халықтың табысын арттыру, Сыбайлас жемқорлықты жою, Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту,  Тұрғын үй мәселесін шешу, Әділетті әлеуметтік саясат, Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» құндылықтары, Cыртқы саясат,  Жастарға көңіл бөлу.

ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын, Қыркүйек айына дейін сыбайлас жемқорлықпен күресудің нақты жобалары дайындалатынын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары Сайлаушыларына алғысын айтып, алдағы саяси бағытын көрсеткен Тоқаевты  ҚР президентін ұлықтау рәсімін қарапайым өткізді деп пікір білдіріп жатты.

 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

12 маусым күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен билік пен қоғам арасына диалог орнату үшін Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.

Жарлықта Қазақстан президентінің әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуге, өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан республикасы президентінің қарауына кеңестің құрамы мен кеңес туралы ережені енгізу тапсырылды.  

Қазіргі кезде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылу үстінде. ҚР Президент әкімшілігі дайындық жұмыстарын бастап кетті. ҚР президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан Кәлетаев пен ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Карин бірнеше сарапшы мен қоғам белсендісімен кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Одан бөлек зиялы қауым өкілдері, сарапшылар ақпарат құралдарында пікірлерін білдіруде, әлеуметтік желіде талқылауда. Қазіргі сайлаудан кейінгі халықтың көп талқылап жатқаны да осы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі.

 

Жаңа кадырлық тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістер

6a7fa0d82a8e78dd857388dc546bc248_XL.jpg

«ҚР Президенті туралы» ҚР Конституциялық заңының 17-1-бабы 1-тармағына сәйкес, жаңадан сайланған ҚР Президенті қызметіне кіріскенде оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларының өкілеттігі тоқтатылады. Олар тиісті басшылар тағайындалғанша өз міндеттерін атқарушы болады.

12 маусым күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс әкімдерінің өкілеттілігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін мемлекет басшысы Нұрсұтан қаласының әкімі қызметіне  Батыс Қазақстан облысының әкімі болған Алтай Көлгіновты, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне Алтай Көлгіновтың бірінші орынбасары болған Ғали Есқалиевты, Маңғыстау облысының әкім қызметіне Серікбай Трұмовты тағайындады.

ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов бұрынғы қызметтеріне тағайындалды.

12 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екіге бөлінді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіне төраға болып Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып Анар Жайылғанова тағайындалды.

Осы күні тағы ҚР президенті ҚР Білім және ғылым министрін ауыстырып, минисрлік тізгінін вице-министр болған, 37 жастағы Асхат Аймағамбетовке ұстатты. Тоқаевтың бұл шешімін көптеген сарапшылар оң бағалады. Бұны президенттың сайлауалды бағдарламасындағы айтылған сабақтастық бағыты бойынша жас кадырларды мемлекеттік басқаруға тартудың алғашқы қадамы деп бағалағандар да болды.

Бішкек пен Душанбе сапары

 39a7bb06607caade92c1e4c6a0306e41.jpg


13 маусым күні  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына іс-сапармен барды.  Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.

14 маусым күні ҚР президенті ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

ШЫҰ самитынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды.

15 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді. Президент жиында аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша баяндама жасады.

«Даулы проблемалар мен қарама-қайшылықтарды басталған сәтінде шешу үшін конструктивті келіссөздерді қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Сондықтан, жақын арада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында халықаралық медиацияны жүзеге асыратын толыққанды ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылуы әбден мүмкін» деді Қазақстан Президенті баяндамасында.

4840e34e7a0818677240961fec2493b9.jpg

 

Алдағы аптада да жұмыс көп

ҚР президентін ұлықтау рәсімін сайлау өте салып, 2 күннен кейін өткізгенін асығыстық танытты дегендер де болды. Мүмкін оның себебі көршілерімізде өткен халықаралық екі самитке Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау арқылы билікке келген ҚР президенті ретінде баруды жөн көрсе керек.

Сайлаудан кейінгі бір аптаның ішіндегі оқиғалары желісі негізінен жоғарыдағы мазмұндардай болды. Бастысы еліміз жауапты да күрделі кезеңнің сынынан аман өтуге қарай жол алды. Президенттік қызметке ресми түрде кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлына Қазақстан халқы үлкен үмітпен қарап отыр. Баспасөзде болсын, әлеуметтік желіде болсын азаматар әртүрлі ұсыныс-пікірлерін айтуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне енді кірісті, жұмыс енді басталды. Сайлаудан кейінгі халықтың көңіл-күйі де орнығып, әр азамат болашақтан зор үміт күтеді. Қазір еліміздің бірнеше облыстары мен қалаларының әкімдері әкімнің міндетін атқарушы болып табылады.  Халықаралық самиттерден президентіміз оралса,  сайлаудан кейінгі екінші аптада да шығарар жарлықтар мен тағайындаулар аз емес. Бұл аптаның да, бұл жылдың да, одан кейінгі де Тоқаев дәуірінің жаңалықтарын алдағы уақытта бірге көреміз. Жаңалықтарды сіздермен бөлісеміз.

Jebeu.kz

 

 

 

 



 

 



 

 

 


Пікір жазу
  • Дүкен Мәсімxанұлы "Қытайтану ғылыми иниститутының" директоры болып тағайындалды
    Асхат Аймағамбетов: Биыл ҰБТ мазмұны 30 пайызға жаңартылды