Қасым-Жомарт Тоқаев: Пандемия – шын мәніндегі соғыс

Уақыты: 2020-05-13 Көрлімі: 36 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа моби...

0a287dc3b2eac4ee64832ffdcfd18834.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысты, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл орталық Оңтүстік Кореяның технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді.

Кореялық «Medical Partners Korea» медицина компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук Қазақстан Президентіне мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен «Drive-through» жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

– Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда соғыстың аты соғыс деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Орталықтың қызметкерлерін 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады. 

eb136660800691bd3166f613527fbfcd.jpg

29fbb5ce0671fd519e3130ecea1ff21a.jpg

Пікір жазу
  • Қандай кәсіпкерлер салықтан босатылады?
    Мәулен Әшімбаев: Коронавирус індеті көптеген салаға зардабын тигізді