Білім гранты конкурсында қай мамандықтарда бәсеке жоғары болады

Уақыты: 2022-07-07 Көрлімі: 240 Сипаттама

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері биыл ҰБТ қорытындысы бойынша қай ба...

220707145550022e.jpg

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері биыл ҰБТ қорытындысы бойынша қай бағыттарда бәсеке жоғары болатынын айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасованың айтуынша, әзірге бір орынға неше үміткер таласатынын нақты болжау қиын. Өйткені қандай бағытқа қанша өтініш берілетіні құжат тапсыру кезінде белгілі болады.

«Бірақ тұтастай алсақ, былтыр педагогикалық мамандықтардың шекті балы 75-ке артқанымен, ондағы үміткерлердің саны азайған жоқ. Естеріңізде болса, былтыр педагогикалық мамандықтар бойынша бір орынға бес адам таласқан болатын», - деді Гүлжан Жарасова.

Ал Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың сөзіне қарағанда ІТ бағыттағы мамандықтар - талапкерлер арасында ең беделді сала.

«Техникалық мамандықтар бойынша IT бағыт ең жоғары сұранысқа ие. Одан кейін биология және химия тұр. Бұл бағытта тест тапсырушылардың ұпайы өте жоғары. Бұлардан соң педагогикалық мамандықтарда бәсеке жоғары болатын түрі бар. Бейінді пәндердің нәтижесі бойынша айтсақ, талапкерлердің 27% физика-математика комбинациясын тапсырған. Техникалық мамандықтар арасында ең беделдісі - IT мамандық. Екінші орында 18%-бен химия-биология комбинациясы тұр. Оның ішінде стоматологияға сұраныс көп. Үшінші орында педагогикалық мамандықтар тұр», - деді Руслан Емелбаев.

Оның мәліметі бойынша, биыл ҰБТ қарсаңында сұрақ сатумен айналысқан 76 мың оқырманы бар телеграм канал жабылған.


Фото: ortcom.kz

Автор Есімжан Нақтыбай


Пікір жазу
  • Болашақта математика ғылымын қазақ тілінде сөйлеткім келеді – 136 балл жинаған түлек
    ҰҚК Ауғанстанда билік ауысқанда қалай әрекет етті

    Ұқсас тақырыптар