Ресейден кеткен 56 компания Қазақстанға келуге ниет білдірді – Үкімет басшысы

Уақыты: 2022-10-19 Көрлімі: 259 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей нарығынан Қазақстанға ауысып жатқан шетелді...

221019130716347e.jpg

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей нарығынан Қазақстанға ауысып жатқан шетелдік компаниялар туралы айтып берді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.


«Иә, расында да қазір РФ нарығынан кетіп жатқан көптеген шетелдік компанияларды көріп отырмыз. Біз ең ірі шетелдік компаниялардың тізімін жасадық. Мұнда санкциялық, антисанкциялық немесе қарсы санкциялық әрекет салдарынан Ресей Федерациясының экономикасынан шығуға шешім қабылдаған 300-ден астам компания бар және олармен Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндіктері, ақпараттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді», - деді Ә. Смайылов Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға ауыстыруға ниет білдірген.

«Біз қазір олардың ауысатын қаласы мен уақыты, жұмыс істейтін жағдайы бойынша жеке жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге кей компаниялар оң шешімдер қабылдады, тіпті кеңселерін ауыстырды деп айтуға болады. Бұл Honeywell, Индрайвер, Фортескью, Марубени сияқты ірі халықаралық компаниялар. Бірақ әлі релокация жасамаған компаниялар да бар, оларды тізіп айту дұрыс болмас. Тойота компаниясы бойынша жұмыстар әлі жүріп жатыр», - деді Ә. Смайылов.


Пікір жазу
  • Қазақстан дипломатиясының жетістігі
    Президент Жетісу облысы жұртшылығымен кездесті

    Ұқсас тақырыптар