"Ақ жол" газетінің 25 томдығы жарыққа шықты

Уақыты: 2020-06-11 Көрлімі: 235 Сипаттама

Ұлттық кітапханада "Ақ жол" газеті материалдарының - "Ақ жол" газетінің 25 томдық жинағын...

0f198c6ea12e7127703c8f4d8b983e74.jpg

Ұлттық кітапханада "Ақ жол" газеті материалдарының - "Ақ жол" газетінің 25 томдық жинағының тұсау кесері өтті.

Жинақ қоғам қайраткері, ақын Ханбибі Есенқарағызының жеке бастамасы бойынша құрастырылған. Ол Ташкент, Шымкент, Алматы, Мәскеу кітапханалары мен мұрағаттарында газет материалдарын жинау бойынша үлкен жұмыс жасады.

"Ақ жол" - 1920–26 жылдары басылып шыққан және Алаш белсенділері құрған қоғамдық-саяси газет. Бірінші редакторы - Сұлтанбек Қожанов. Газетте Н.Төреқұлов, М.Дулатов, X. Досмұхамедов, И. Жансүгіров, А. Байтұрсынов және басқа да көптеген қазақ зиялыларының Түркістан, Қазақ АССР өмірі мен оқиғалары туралы материалдары жарияланған. 

Тұсау кесерге ҚР  Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дауешов, "Алаш" ғылыми-зерттеу институты, "Алашорда" қоғамдық қорының өкілдері, жинақты құрастырушылар қатысты.

Жианқтың тұсау кесерінде Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың осы туындының шығуына мұрындық болған мамандарға айтқан алғысын жеткізді.

 «Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз - өткен дәуірдің перзенті, келер заманның – атасы» деген екен. Тәуелсіздік жолында күресіп өткен ұлы балаларымыз нағыз ержүрек, данышпан болған. Ешбір ел өткен тарихы мен бүгінгі күннен сабақ алмай келешегін жасай алмас. Егемендіктің жаңа лебі мен қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың есімі жаңғырды. Кешегі кеңестік саясат халық жадынан өткен тарихымыз бен сол тарихты жасаған қайраткердерімізді танытуға жол ашпады. Осы тұрғыдан келгенде біз ұлы тұлғаларымызды ұмытудың аз-ақ алдында қалдық. Біздің бұл жолдан құтқарып, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілткен - тәуелсіздік. Сонымен қатар, бұл орынға қазақ баспасөзін де жатқызуға болады. Ұлттық баспасөз ұлттық тарихты танытуға, елдіктің берік іргесін нығайтуға үлкен еңбек атқарды. Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған көптомдық кітаптың тарихи-танымдық тұрғыдан қарағанжа шын мәнінде саналы оқырман қауымға берері мол. Ондағы алаш зиялыларының өткір ойлары күні бүгінге дейін өзекті екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлұлының қазақ және орыс тілінде жарық көрген таңдамалы шығармалары, Азамат соғысы өршіген 1914-1919 жылдар аралығында қазақ өлкесіндегі кен өндіру орындарында бес жыл қызмет атқарып, алаш жұртының тыныш-тіршілігі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын хатқа түсірген ағылшын инженері Джон Вольфордтың үш тілде жарық көрген еңбегі, Арман Ахметовтың «Әбілмәмбет хан әулеті» еңбегі кешегі кеңестік саясаттың кесірінен ұмыт болған тарихи тұлғаларымызды кеңінен танытады. Бұл жолда «Ақ жол» демократиялық партиясы, қоғам қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Алаш» зерттеу институты, «Алашорда» қоғамдық қоры өкілдері едәуір еңбек сіңіргенін атап өтуіміз керек. Аталған туындылардың болашақ ұрпаққа берері мол», - делінген Ақтоты Райымқұлованың құттықтауында. 

Сурет: Baq.kz

 

 






Пікір жазу
  • Жақып Мырзаханұлы: Академиядағы қазақ ғалымдары
    Жақып Мырзаханұлы: Академиядағы қазақ ғалымдары - II

    Ұқсас тақырыптар