Жайна Жакулина. Өсек

Уақыты: 2019-07-10 Көрлімі: 3418 Сипаттама

«Өсек айту» Шыңжаңдықтардың сөзі. Баламасыз. Қысыр кеңесті қыздыру деген сөз.

Мен 1993 жылы Үрімжі қаласына келдім. Апайларым мен достарым қазанға жұлма көжені жұлып тастап тұрып, қысыр кеңес әңгімені қыздыра түседі. Мен бұл екі тірліктің екеуіне де жо...

1517554353771411.jpg

«Өсек айту» Шыңжаңдықтардың сөзі. Баламасыз. Қысыр кеңесті қыздыру деген сөз.

Мен 1993 жылы Үрімжі қаласына келдім. Апайларым мен достарым қазанға жұлма көжені жұлып тастап тұрып, қысыр кеңес әңгімені қыздыра түседі. Мен бұл екі тірліктің екеуіне де жоқпын. Тауым шағылып қалады.

Асқардың себебінен біз өсектің өртінде беймаза күй кешіп жүрдік.

1998 жылы Үрімжі қаласында үйлену тойын жасадық. Тәтем желегімді ашып менің маңдайымнан сүйіп жатқан кезде, Сәния деген орыс апа: «Әй, мынау кәрі емес екен ғой», - деп қалды. Асқар сөздің мәнін біле қойды...

Қазақстанға алғаш келген кезімізде, менің қытай болғаным себепті болса керек, көп ешкім бізді қонаққа шақыра қоймады. Кейіннен Асқар үйге топырлатып көп қонақ шақыратын болды. Оның үстіне біздің жұмысымыздың да оңала бастағаны әсер еткен болуы керек, кейбір бас қосуларға Асқарды да қосып шақыра бастады. Бірақ, отыратын орны да төмендеу жақта, тілек сөзге де соңына таяу шақырып жүрді-ау деймін. Оның мәнісін мен біліп жатқам жоқ. Асқарға бәрі аян болса керек, бірақ қаперіне көп ала қойған жоқ.

Бір күні Асқар сырттан көңілсіз оралды да маған, дастарқан басында біреу оны Қытайдың құрлыс министрі орынбасарының күйеу баласы екен деп салтанатты түрде  таныстырдығанын айтып келді... Мен де теріме сыймай: «Не? Енді министр болып көтеріліп кетті ме, солай болсын-ақ, ал, енді әкем ұйғыр емес, неге орынбасар болуы керек?» - деймін ғой. Асқар қарқылдап күліп жатыр. Қабағы да ашылып кетті марқұмның.

Әке-шешем зиялы қауымнан. Әскери мектепте мәдениет саласында жұмыс істеген, әскери адамдар. Зейнетке шаққан кездегі дәрежесі комдив. Мұндай дәреже – Бейжіңде тас лақтырсаң біреуінің басына барып тиетін мәнсап. Шындығына келгенде, Асқардың отбасын нағыз мәртебелілердің тұқымы деуге болады, имене қарау маған жарасады.


1517551293620150.jpeg

2012 жылы Асқар іссапармен кетіп, мен Жарқын ағамның машинасына отырып бір тойға бартаын болдым. Әңгімеден әңгіме шығып отырып, ол маған: «Сен қиыншылыққа төзімді екенсің. Егер Бейжіңде болсаң, өзің генаралдың қызысың, жағдайың...»- дейді. Менің әкемнің дәрежесі тағы да өсіп шыға келді!

Осыншама ақ-қараның араласып жүруінен жұрттың Асқарды жақсы көруімен, жек көруінің егіз қатар өріліп жатқандығын көруге болады ғой деп ойлаймын. Жек көру дегеніміз сәл артықтау болар, қызғаныш дегенім дұрысырақ шығар. Оның қытай ұлтынан әйел алғандығы көп жұртқа ұнамайтын сияқты. Бұдан тыс, Асқардың қабілет-қарымын да көп адам мойындай қойғысы келген жоқ. 2004 жылы жұрт қандай затты әеліп сатуды білмей шатасып жүргенде, Асқар барып, «Xcmg» дилерлігін алып келді де, біздің кәсібіміздің негізін бірден қалап жіберді.

Жайшылықтағы «өсек» жұрттың тамақтан кейінгі тоқ басатын ермегі ғой. Бірақ, кейбір өсектің көмейінде сары қақырық тұрады. Асқардың әкесі туралы: Оспан Сіләмұлының үкіміне Әнуар қол қойып, Оспанның өліміне себепкер болған екен дейтін «жел сөз» бар.

Асқар осы сөзге қатты ренжитін әрі ғажап күйде болатын. Өйткені, шындық былай болатын: 1950 жылы Оспан Құмыл аймағының Аратүрік ауданында ұсталады. 1951 жылы Үрімжі қаласында үкім шығарылды. Ол кезде Асқардың әкесі 30 жаста, Іленің Тарбағатай аймағының уәлиі ғана болатын. Уақыт, орын, лауазым барлығы да бұл іспен қатысы жоқ болатын.

Асқар қайтқаннан кейін, Жайна серіктестікті де, меншік жерлерін де сатады екен-мыс, дүние мүлікті қалтаға басып алып, екі баланы жетектеп, Қытайға алып кетеді екен, балаларын қытай қылып тәрбиелейді екен-мыс деген сыңайдағы өсек-аяңды жұрт өртше қаулататын ғой. Тіптен кейбір дос-жарандарымыз Байтұрсын көшесінің бойындағы үйлеріңді сатқалы жатырсыңдар ма деп телефон шалды-ау! Кейбір бизнес әлемінің шонжарлары келіп әңгіме айтып жатты... осының барлығы да бұлар шашылып қалған шығар, біз қол жүгіртіп жіберетін бір тесік осылардан табылып қалар деген аңыс аңдау еді.

1517554371997052.jpg

Аллаға ризамын! Асқардың тәрбиелеп шығарған қызметкерлеріне ризамын! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмысымыздағы ең қиын күндерді де өткізіп жібердік!

Қыркүйек айында қызметкерлеріміздің біреуі өңі өрт сөндіргендей болып маған келіп: Апай, сыртта жұрт біздің серіктестік құрдымға кетейін деп жатыр, сізді Қытайға қайтып кеткелі жатыр екен деп шулатып жатыр, бұл не сөз?- деп келіп тұр. Мен: «Бұл сөзге де «біршама уақыт» болып қалды ғой, бұдан басқа жаңа бірдемелер ойлап таба қоймады ма екен?»- деймін күлерімді де, жыларымды да білмей.

«Жақсыға сөз ереді, жаманға шөп ереді» деген осы ма деп те ойлаймын кейде.

Өсек-аяң өрбітуді қай қоғамда да өмір сүретін, шер тарқатудың, көңіл-күйді теңшеудің бір түрлі жолы деуге де болатын шығар. Бұрын абысындарым келгенде біз де қызыл сөздің қырманын біраз қыздыра түсетінбіз. Ондайда Асқар келіп, әңгімеге шет жағалап араласып қалатыны бар. Бірақ: «тәтемнің өсегін айтуға болмайды», - дегенді ескертіп отыратын!..

Кейде дос-жарандармен бас қосқанда біз де ептеп өсектің отын үрлеп, қысыр кеңесті қыздырып жіберетініміз бар. Ал мен, жұлма көжені жұлуды сол беті үйрене алмай-ақ қойдым.

Қазақтар өздерін: «Қазақтардың ұзын құлағына дүниедегі ешқандай байланыс құралы шендесе алмайды» деп айтатыны бар емес пе?

Асқар қайқаннан кейін азаматтың жақсы атағы алысқа кетті. Мені де ел-жұрт бауырына басты. Ел риза болды ғой деп ойлаймын. Елде қаралық жоқ.

Адам бар жерде сумаңдаған сөз жүрмей қоймайды. Бұл біздің өміріміз.

12 ақпан, 2016 жыл.

Аударған: Әрмиябек САҒЫНДЫҚ

Дереккөз: Жайна Жакулинаның «Шексіз махаббат» атты кітабы



Пікір жазу
  • АШЫҚ ХАТ
    Дәурен Абаев жалған ақпараттың адамдарға қалай әсер ететінін айтты

    Ұқсас тақырыптар