Бауыржан Жүсіпов: Қыркүйек пен қазан айлары біршама тыныш өтеді

Уақыты: 2020-08-26 Көрлімі: 187 Сипаттама

Коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында Ұл...

101812627_1552070841617445_47779904850231296_n.jpg

Коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов  екінші толқынының біршама жеңіл өтетінін айтты.

«Коронавирус індетінің негізгі толқынын өткіздік» деген пікірдегі адамдармен келісемін. Бізде негізгі толқын осы жылдың маусым-шілде айларында болды. Мұны бізге қолжетімді статистикаға, ауруханаға жатқызу деректеріне қарап айта аламыз. Дегенмен, тіркелген статистикалық мәліметтер шынайы жағдайды көрсете алмайды. Меніңше, мұндай жайт бүкіл әлемде бірдей. Көктемде науқастарды тіркеген кезде жеңіл және симптомсыз формасына, орташа ауыр және ауыр формасына қатысты мүлде басқа ара қатынасты байқаған едік. Бұған қоса, орташа және ауыр формамен ауырғандардың саны басым болды. Коронавирусқа шалдығудың шырқау шегінен өткенімізді білдіретін тағы бір жайт - өкпе қабынуының өте көп болуы. Оның үстіне қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл өкпе қабынуларын ковид деп санап, тіркеуге қосып отыр. Яғни, өкпе қабынуылары ПТР-диагностикалау көмегімен анықталған еді», - деді эпидемиолог

Оның айтуынша қазір бізде халықтың 20-25 процентінде SARS-CoV-2 вирусына қарсы иммунитет бар.

"Меніңше, Қазақстанда халықтың 20-25 проценті коронавируспен ауырып шықты. Әрине, олардың басым бөлігі - басқа адамдармен араласқандар. Демек, әзірге иммундық қорғаныспен жүргендердің саны аз емес", - ол. 


Оның атап өтуінше, коронавирус індетінің шырқау шегінен өтіп кетуіміз алдағы уақыттағы жағдайға оң әсерін тигізеді.

«Өйткені, енді иммунитеттің бар екендігін білеміз. Коронавирусты қайталап жұқтырып алу деректері бірен-саран ғана. Оның өзі де ағзаның ерекшелігіне, иммунитеттің қалыптасуына байланысты. Жалпы, иммунитет бар. Осыны ескерер болсақ, коронавирустың екінші толқыны біршама жайдақ өтеді. Яғни, маусым-шілдедегідей күрт өршімейді. Біз де, Денсаулық сақтау министрлігі де, жалпы қоғам да дайын болады. Желтоқсанға қарай ол күрделене түседі. Қыркүйек пен қазан айлары біршама тыныш өтеді»,- деді Бауыржан Жүсіпов.


Пікір жазу
  • Ерлан Саиров: әкімдер «Nur Otan» партиясы праймеризінің әділ өтуіне кедергі жасамауы тиіс
    Ардаби Мәулетұлы: Біз де бала күнімізден Абайдың атымен аталатын күйлерді естіп өстік

    Ұқсас тақырыптар