Ерлан Карин: Келесі жылы саяси реформалар жалғасады

Уақыты: 2020-12-27 Көрлімі: 1423 Сипаттама

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин 2020 жылдың саяси қорытындысын шығарды. Бұл турал...

52-1-1000x_.jpg

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин 2020 жылдың саяси қорытындысын шығарды. Бұл туралы ол Тelegram каналында жазды.

«Бүкіл әлемдегідей Қазақстан үшін де өтіп бара жатқан жыл өте күрделі болды. Дегенмен, ауқымды қиындықтармен сыртқы жайттардың қысымына қарамастан, билік оқиға дамуының теріс сценарийлерінің жүзеге асуына жол бермеді.

Іс жүзінде жыл бойы барлық мемлекеттік органдар - Президент Әкімшілігі, Үкімет, әкімдіктер үлкен бір дағдарысқа қарсы штаб ретінде төтенше жағдай режимінде жұмыс істеді. Пандемия көптеген жоспарға түзету жасағанымен ол мемлекеттің жалпы күнтәртібін түбегейлі өзгерте алған жоқ»,- деп жазды

Кариннің айтуынша, билік мәлімдеген реформалар бағдарын жалғастыру үстінде. Саяси реформалардың алғашқы топтамасы жүзеге асырылып, оның аясында бейбіт жиналыстар туралы мүлдем жаңа заң қабылданды.

«Заң бірден жұмыс істей бастады. Сайлау, партиялар және Парламент туралы заңнамаларға да өзгертулер енгізілді. Жаңа нормалар да іс жүзінде жүзеге асырып жатыр. Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент келесі жылдың басында-ақ саяси реформалардың кезекті топтамасы қабылданатындығын жариялады. Бұл реформаларға бағдар сақталатындығын және жалғасатындығын білдіреді», - деді ол.

Оның сөзінше, өтіп бара жатқан жылда қоғамдық-саяси алаңдағы өзгерістер жалғасып тапты. Жаңа қоғамдық тұлғалар мен түрлі белсенді азаматтық топтар пайда болды. Саяси партияларда да буын алмасуы орын алып, жаңа тұлғалар шыға бастады.

«Сондықтан да пандемия сынды қуатты стресс-тестпен бетпе-бет келген Қазақстанның коронадағдарыстың теріс әсерін төмендете алғаны және өзінің даму күнтәртібін жүзеге асыруын жалғастыруы жылдың жалпы қорытындысы саналады», - деді ол.


Пікір жазу
  • Текті азамат, тегеурінді тұлға, сұңғыла саясаткер
    Ширек ғасырдағы Конституциялық Кеңес: Нәтижелер және мүмкіндіктер әлеуеті

    Ұқсас тақырыптар