Ерлан Қарин: Президент ұсынған саяси реформаның үшінші пакеті де іске аса бастады

Уақыты: 2021-06-26 Көрлімі: 480 Сипаттама

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram каналында 700-ден астам ауылдың әкімі бір уақыт...



Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram каналында 700-ден астам ауылдың әкімі бір уақытта сайлауға түсетінін жазды, деп "Егемен Қазақстанға" сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлаланады. Қалған әкімдерді сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі», деп жазды Ерлан Қарин.

Президент көмекшісі аталған түйінді бастаманың іске асуын саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде бағалап отыр.

«Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы алғаш рет Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің Жолдауында айтқан болатын. Ал 2021 жылдың 24 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге мүмкіндік беретін түзетулерді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылды», дейді Мемлекет басшысының көмекшісі.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың аясында бүгіннің өзінде 10 заң қабылданған. Жыл соңына дейін бұл бағытта тағы бірқатар заң қабылдау жоспарланып отыр.



Дереккөз:  egemen.kz


Пікір жазу
  • Берік Әбдіғалиұлы: Біз санасына сіңген үрейден әлі арылмаған ұлтпыз
    Мәулен Әшімбаев: Нұр-Сұлтан талай жанның өмірден өз орнын табуына даңғыл жол ашты

    Ұқсас тақырыптар