Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғырын» атады

Уақыты: 2021-11-23 Көрлімі: 466 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жа...

211123193243451e.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Осы орайда жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын. Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар», - деген Нұрсұлтан Назарбаев «жеті тұғыр» деп атаған ұғымдарға жеке-жеке тоқталды.

Олар:

Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.

Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

«Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық. Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз», - деген Елбасы өзінің «өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барын салғанын» айтады.

«Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Пікір жазу
  • Мендерес мадақтауға лайық па?
    Сәкен Бибосынов: Токиодағы қоламды, Парижде алтынға айырбастаймын

    Ұқсас тақырыптар