ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ

Уақыты: 2021-12-22 Көрлімі: 630 Сипаттама

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы төрағасы, Алматыдағы "Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің" диекторы, ардақты ұстаз, білімі мен еңбегін Тәуелсіз еліне арнап жүрген қоғам қайраткері Талғат Мамырұлы 60 жасқа толуда. Осы орайда «Жеб...


Омарәлі Әділбекұлы

talgat-m.jpeg

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы төрағасы, Алматыдағы "Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің" диекторы, ардақты ұстаз, білімі мен еңбегін Тәуелсіз еліне арнап жүрген қоғам қайраткері Талғат Мамырұлы 60 жасқа толуда. Осы орайда «Жебеу» РҚБ мүшелері атынан Талғат Мамырұлын мерейлі жасымен құттықтап, ұзақ өмір, зор денсаулық,  қажымас қайрат, табысты еңбек тілеп, Жебеудің төрағасы, Талғат Мамырұлының ұзақ жылғы жолдастарының бірі Омарәлі Әділбекұлының «Ұстаздың ұлағатты жолы» атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ

 Біз негізінен бақытты ұрпақпыз. Ес біліп, етек жаба бастағанымызда қытайда атышулы мәдениет  төңкерісі  аяқтап білім мен ғылымның қақпасы айқара ашылып сүргінге кеткен, ғылым ордасынан шеттетілген ұстаздар қайтадан оралып білім құмар ұрпақтың шөлін қандырды.Жоғары оқу орындарында мемлекет бойынша біртұтас емтихан алып қабылдау үрдісі қалпына келіп алғашқы жылдарда бәсеке әділ жүріп бармақ бастықыстыдан ада болды сонымен әрқандай түлек таланты мен қажыр -қайратының арқасында жоғары оқу орындарына түсіп тағдырын өзгерту мүмкіндігіне ие болды.Алды-артымызды пайымдап қоғам табалдырығын аттағанымызда зорлық пен зомбылыққа құрылғанжеке тұлға мен саны аз ұлттар үшін зұлымдық ұясы болған алып империя ыдырап тәуелсіздік таңы атты. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген мәтелдің мағынасын сөзімізбен емес ісімізбен дәлелдеудің реті келді. Бәрімізде жалғыз ақ арман болды. Ол ˗ тәуелсіз  елдің шаңырағына келіп уық болып шаншылу еді. Сол үшін жәйлі қызмет, жоғары лауазым, сый-құрметке толы орта және басқа адам өміріне керек шарт-жағыдайлар бәрі-бәрін тәрк етуге тұра келді. Солай болды да ойланып-толғанатын, қыймай-қыйналатын ештеңе болған жоқ. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекке» сендік. Жүрегіміз алдамапты. Тағдырдың жазуымен, тәңірдің жебеуімен отыздың аржақ-бержағындағы бір топ жас Қазақстан ұлттық ғылым академиясының Ж.Жабаев пен М.Әуезов көшелерінің қиылысындағы аспиранттар мен қызметкерлерге арналған жатақханасында жолымыз түйісті. Сол жалындаған жастардың естияр-естісі, көп көрген көсемі де Нәбижан Мұқаметжанұлы мен Талғат Мамырұлы еді.

1524253721562606.jpg

Мүйізі қарағайдай, атағынан ат үркетін ұлттық ғылым академиясының М. Қозыбаев С. Қирабаев сынды академиктері жетекшіміз болып әкелік қамқорлық  көрсетті жатақханаға орналасып, ғылыми тақырып талдауымызға дейін қадағалады. «Мен ұрлық қылған күні айдың жарық болғаны-ай» демекші енді ес жыйа бергенде нарық келіп килікті. Сол замандағы еті тірі, әлемнің беталысын жіті қадағалап отырған азаматтардың біразы өтпелі заманның заңына бейімделіп, бизнесте бақтарын сынап көрді. Сол қатардан Талғат Мамырұлы да шет қалған жоқ. Мемлекетке алақан жаймай жастық қайрат жалынды жігермен тыңнан түрен салды. 1983 жылы шыңжаң университетінің электронныйка-информатика мамандығын үздік нәтижемен пітіріп 1989-1990 жылдары әйгілі шаңхай фудан университетінің аспирантурасында оқыған Тәкең бизнестің қыр-сырын тезарада меңгеріп еліміз жеңіл өнеркәсіп саласында бұл күнде брендке айналған «Ерке-Нұр» компаниясын  жұбайы екеуі бірлесе құрып одақ тарағанда жұмыссыз қалған адамдарға жұмыс тауып берді. «Ерке-Нұрдың» шапандары мен кәде силары елбасыдан бастап шетелдік қадірлі қонақтардың иығына жабылыпқолына естелік ретінде берілді. Сол кезде Алматыда Қазақтар қала халқының 12%-ын  ұстаса, бүкіл республика бойынша жергілікті халықтың 40% ана тілінен махрум қалған, ауылдағылар ірі қалаларға жөңкіле көшіп, ішер ас, киер киімге зар болған алмағайып заманда бизнес бағытын ұлттық киім мен дәстүрлі құндылықтарға бұру үшін үлкен жүрек, биік парасат керек екенін айтпасақта белгілі. Қазір ғой екінің бірі, егіздің сыңары ұлттық өнер мен дәстүрдің жанашыры, жоқшысы болып алған десе де тұңғыштың аты тұңғыш!

images.jpg

Бизнесте бағдарын түзеп, желкенін жайған Тәкең өзінің сүйікті мамандығы мен арқатұтар кәсібін бір сәтте ұмытқан жоқ. Өз өміріндегі және еліміз тарихындағы маңызды иновациялық жоба болып табылатын, «Халықаралық қазақ - қытай тіл колледжін» мол дайындық, тынбай ізденістін арқасында толықтай іске асырды.

2000 жылдардан бастап ел экономикасы есін жиыпеңсесін тіктеп әр түрлі мамандықтарға сұраныс артып салық жүйесі ретке келіп базардағы жабайы сауданың тынысы тарыла бастады. Еліміз барлық елмен тең дәрежелі дипломатиялық қарым-қатынас орнатыпкәсіпкерліктің көкжиегі кеңіді. Шығыстағы алып көршіміз әлемдегі екінші қуатты экономикалық елге айналып, ықпалын әлемге жүргізе бастады. Екі ел арасындағы қарапайым адамдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы байланыстар жоғары деңгейде дамыды сонымен қытай тіліне деген сұраныс еселеп артты .Тәкең құрған "Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі " осындай ішкі-сыртқы сұраныстың қажетін өтеді. Жаңа эрадан бұрын жасаған Қытай әскери стратегі Сунь цзы "өзіңді де, өзгені де жеттік білсең соғыста жеңілмейсің" деп өз әскери өміріндегі тәжірібиесін қортындылаған. Осы сөз қазірге дейін қытай саясаткерлері мен қолбасыларының бойтұмарына айналып кетті. Осы тұрғыдан қарасақ қазір Пекин, Шаңхай, Сиань сияқты ірі қалалардағы университеттерде Қазақ тілі кафедрасы ашылып жемісті жұмыс істеуде ал Үрімші Құлжа қалаларындағы арнаулы қазақ филология факултеттерінің құрылғанына алдына жетпіс жылға таяса, артына қырық жыл болды. Талғат Мамырұлы өз топырағымызда құрып өз мамандарымыз тәрбиелеп жатқан колледж осы бостықты толтырды. Алғаш құрылғанда жүзге жетпес студенті бар шағын колледж бұл күнде жүзге таяу ұстазы сегіз жүзден астам студенті бар еліміз іші-сыртына танымал білім ұясына айналды. Құрылғаннан бері жеті мыңнан астам шәкірттің қанатын қатайтып қоғам табалдырығын аттатты. Дизайнтуризмаударма ісі сынды алты мамандық бойынша студенттер тәрбиелеп Қытайдың жирмадан астам жоғары оқу орындарымен және Ұлы британияның "International House London "орталығымен әріптестік қатынас орнатты. Ес білгелі жүрегі елім деп соғатын Тәкең ұрпақ тәрбиесінде патриотизм мен ұлттық құндылықтарды санаға сіңірудің маңыздығылын жан-тәнімен сезінеді сондықтан да тек колледж ашуды бизнес көзі деп қарамайды жас ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік мүдде мен тұлға мақсатының тоғысуы, болашақ армандардың іске асуы деп қарайды. «Мемлекеттік тіл – айбыным», «Тәуелсіздік – тірегім», «Отан деп соғар жүрегім», «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым», «Ата салтым – асыл мұрам», «Отан қорғау – ұлы парыз» сынды іс-шаралар колледж өмірінде маусым сайын ұйымдастырады. Бұл шаралардың ақыл-ойы енді-енді толысып келе жатқан ұрпақ үшін тигізер пайдасы көл-көсір. Тәкенің саналы ғұмыры мен салихаллы өмірінің әр бетін парақтасаңыз «ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген нақылдың тереңіне бойлағандай боласыз. Әр ісінен сабырлы мінезі, бекзаттық болмысы менмұндалап тұрады. Қаншама жылды бір күнгідей өткізіп қарапайымдылығын жоғалтқан жоқ. Атақ қуып, арыпталаспады, пенделіктің иіріміне бойламады. Өз ісінің білгіріне айналып, ортасының құрметіне бөленді. «Балам деген ер болмаса, елім дейтін ұл қайда болсын» деп ұлы Абай айтқандай Тәкенің еңбегі еленбей қалған жоқ қайта мына «лайк қуып, кайф іздеген» донкихоттардың арасынан нағыз алтын болып  жарқырады, балауыз шам болып айналасын жарық пен жылуға бөледі. 2010-шы жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталса, 2011-шы жылы «Лидер образования» қоғамдық медалінін, 2016-шы жылы «Гордость образования» орденін омырауына тақты. 2017-шы жылы ҚР ғылым және білім министрлігінің «Құрмет» грамотасы тапсырылса, 2017-жылы сол министрліктен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «Алғыс» алды. Сол жылдарда аты-жөні «Егемен елдің жүз қайраткері» қатарына енді. 2009-шы жылы ниеттес достарымен бірлесіп құрған «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігін еліміздің әділет министрлігіне тіркетіп екі ел арасындағы халықтық дипломатияның дамуына қор үлес қосты әрі Қытайдан келген қандастарымыздың жаңа ортаға үйлесіп, сіңісуіне заңдық, құқықтық жақтан кеңес беріп оқыс, күрделі мәселелерді шешуде арысы үкімет, парламентте, берісі қала, облыс, аудан, ауыл көлемінде ат салысты. Үкімет құрылымдарына ұсыныс айтты. Қазақстандағы Қытай елшілігімен, консулдығымен жақсы қарым-қатынас орнатып екі елдің достық қарым-қатынастың дамуына зор үлес қосты.

1524252811395054.jpg

Кешегі мұрты тебіндеген сары бала бұл күнде ел сыйлайтын, айналасы арқа тұтар аға жасы 60-қа толып отыр. Өзгеріс, реформалар заманында дүниеге келіп көрген тәрбиесін, алған білімін атажұртының игілігіне жарата білді. Ақша қуып аласұрған жоқ. Республикамыз құрылып, қалыптасуы кезінде алаштың арда ұлы ретінде жаңарған қоғамда, жаңғырған санада, тарих толқынында өз ізін қалтырды. Уақыт керуені әрқашан адал еңбекпен, ізгі ниетпен басталған істің берекесін молынан беріп төрін ұсынады. Тәкеңнің әзіргі жеткен биігі мен алған қамалы соны дәлелдеп отыр. Көкжиек әлі кеңейеді, көркем болашақ алда қол бұлғайды.         


Пікір жазу
  • Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: БІЗДІҢ АРМАНЫМЫЗ – ЖАҢА СИПАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
    КЕЛЕСІ ҒАСЫР КІМНІҢ ҒАСЫРЫ?

    Ұқсас тақырыптар