Демократиядан Анархияға дейін

Уақыты: 2022-01-11 Көрлімі: 411 Сипаттама

4 қаңтарда Алматыда басталған бейбіт шеру 5 қаңтарға қараған түні қанды қырғынға ұласты...

271755768_3088031524801073_2813449111008587808_n.jpg

4 қаңтарда Алматыда басталған бейбіт шеру 5 қаңтарға қараған түні қанды қырғынға ұласты. Алматы қалалық әкімшілігі мен Алматы қалалық құқық қорғау органдары дәрменсіздік көрсетіп қала тұрғындары орасан зор моральдік, заттық шығынға ұшырады. Алатау дәстүрлі театрынан басталған ереуіл Республика алаңына дейін жалғасқанда өзіміз тұрған аумақтан бірде-бір полиция қызметкерлері көрінбеді. Әсіресе Сайын мен Абай көшелерінің, Абай мен Алтынсарин көшелерінің қилысында сақалды жігіттер жеке көлігімен келіп қосылған жігіттердің көлік нөмірін шешкізіп, багаждарына салды. Осыдан-ақ бұл ереуілдін артында ұйымдасқан топтын тұрғанын байқаймыз. 4 күннің алдында Фэйсбуктағы парақшамызда елімізді Иранның, Ауғанстанның елесі кезіп жүр деп жазған едік. Қазіргі жағдай соны толық дәлелдеді. Былтыр тамыз айында батыстың озық қару жарағына ие Ауғанстанның 300 мың армиясы талибандардың бас аяғы 60 мың армиясынан күйрей жеңілгенін көзіміз көріп, құлағымыз естіген. 1978 жылы Иранның осы заманданған таңдаулы 800 мың армиясы Хомейниға бір оқ атпай билік пен халықты тапсырып бергені әлі жадымызда. Енді мәселенің мәніне үнсек бұл істің тамыры тереңде екенін, мәселенің объективті, субъективті факторлары бар екенін сезінеміз. Соңғы 3-4 жылдан бергі демократия мен кісілік құқықты қалқан еткен, ауыз жүзінде қазақ мүддесін ту етіп көтерген ішкі, сыртқы мүдделі топтар мен оппозиция өкілдері, блогерлер жан таласа жұмыс жасады. Олар үлкен, кіші қайшылықтардың шешу жолын билікті аударудан бастағысы келді. Әділ пікірін айтып, шығар жол көрсеткен белсенді азаматтар мен депутаттарға жүйелі, мақсатты түрде шабуыл жасады, күйе жақты. 2019 жылғы президент сайлауынан кейін ел бірлігін ойлап, халықты сабырға шақырған президентке кандидат Әміржан Қосанды «халық жауы» ретінде бағалап, ағаш атқа теріс міңгізді. Алматы қалалық мәслихаттың депутаты, Сидней олимпиадасының алтын жүлдегері Ермахан Ибрагимовтың жер-жебіріне жетіп ілекке алғыссыз етті. Әсіресе ақын, жазушы, өнер қайраткерлері сахнаға шығып биліктің қолынан жүлде, орден алса, сахнадан түсе қалып билікті жамандайтын әдет қалыптастырды. Осының бәрі қарапайым халықтың санасына әсер етті. Мемлекеттік идеологияның әлсіздігін көрсетті. Популисттар мен орайшылдардың заманы болып әлеуметтік желіні жаулап алды. Оған бір қайнауы кем, өмірде жолы болмаған, мінезі қырсық журналисттер мен саясаткерлер қосылды.  Әртүрлі қоғамдық желі арқылы билік пен Назарбаев әулиеті туралы өсек-аян қарша борады. Әрине мемлекетті құру мен дамытудағы Нұрсұлтан Әбішұлының рөлі мен маңызын жоққа шығара алмаймыз, Қазақстанның бүгінге жеткен жетістігі бүкілдей сол кісіге байланысты. Алайда бұл кісінің билікте ұзақ отыруына, жасынын ұлғаюына байланысты әсіресе отбасы мүшелерінің биліктің маңызды буындарында отырып кландық топтардың жетегінде кеткендігі ол кісінің өзіне де, еліміз үшін де үлкен минустар болды. Сонымен қоғамдық қайшылық шиленісті. Саяси, экономикалық реформалар шалыс басып, көздеген мақсатына жетпеді. Жұрт күткен әлеуметтік әділдік орнамады. Халықаралық жағдайларға байланысты қазба-байлықтардың табысы азайып, ақша үртіс құнсызданып халық кедейлік қабытын киді. Кеден, салық істеріне отбасы мүшелері араласып мүдделі кландар нарықтағы монополияны күшейтті. Бұрынғы Елбасы ортаға қойған жыл сайын НДС-ны 1% төмендету ісі орындалмай тоқтап қалды. Осы НДС пен 20% табыс салығы шағын, орта кәсіп иелерінің адымын аштырмай туралатты. Кеден, салық органдарының негізгі табыс көзі болды. 20% табыс салығын төлеген олигарх топтардың аты-жөнін немесе корпорациясын айта аласыздар ма? Зейнолла Кәкімжанов кезінде басталған салық, кеден органдарына жүргізілген реформа аяқсыз қалды. «Кенже ханшаның» құдай қосқан қосақтарының арт-артынан кеденді төңіректеуі, Қорғастағы Нұрлы-жол кеденінің жағдайы осыны айғақтайды. Мұндай жағдайда ел президенті ортаға қойған орта, шағын кәсіпкерлерге қаратылған бір жылдық, үш жылдық мораторийдың пайдасы тым мардымсыз еді. Бұған екі жылдан асқан пандемия қосылып отқа май құя түсті.

Біз батысқа, АҚШ-қа қарап қаншама бой түзесек те еліміздің ішкі, сыртқы жағдайын,  халқымыздың менталитетін ұмытып кетпеуіміз керек. «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп ұлы Абай айтқан. Кешегі Алдар көсе, Мырқымбай, Сұдырахметтер бұл күнде шекпенін өзгертіп әлеуметтік желіні шаңдатып отыр. Осылардың кесірінен халқымыз бағдарынан адасуда. Билік ықпалындағы медиалар таратқан ақпараттар мен оқиғаларға сенуден қалған. Оған ислам фундаментализімін ту еткен діни фанаттардың ықпалы мен аудиториясын қосыңыз. Мәселенің неге беттеп бара жатқанын түсінесіз. Біздің аңқау халқымыз бәріне балаша сенеді. Соныңда опық жейді, бірақ бәрі кеш болады. Оңтүстік өңірлердегі тоңау, өртеу күштік құрылымдардың әлсіздігі осының айғағы. Әуелі халқымыздың заң жөніндегі, азаматтық қоғам төңірегіндегі таным-түсінігін жоғарлатуымыз керек. Құқық қорғау органдарының, білім, денсаулық саласындағы қызметкерлер жалақысын жоғарлатып, жауапкершілігін айқындауымыз жаңа реформаның басы болуы керек. Еліміз халқының 70% ұстап отырған билеуші ұлт ретінде қазақтар барлық жауапкершілікті мойынға алу керек. Өткендегі Қордай оқиғасында, Жаркент оқиғасында бұлап-талап, өрт қойып, кісі өлтіріп жеңіл қутылған кәнігі қылмыскерлер бұл жолы да бұлғақтың басы-қасында жүргені сөзсіз, сондықтан да еліміздің саяси, бизнес, мәдениет элитасы шындыққа бетпе-бет келіп, түбірімнен ойлануы тиіс. Конституциялық кеңесті таратып, конституциялық сотты қалпына келтіру алғашқы қадамда басталғаны абзал. Басында тәп-тәуір басталып аяғы  қара құрықтанып кеткен Алтынбек Сәрсенбаев өлімі туралы тергеу мен 2012 жылы Арқанкерген оқиғасы туралы тергеуді қайтадан бастап халыққа нақты жағдайды, болған оқиғаны түсіндіру өте маңызды. Сонда ғана еліміз құқық қорғау органдарының қызметіне халық сенеді. Халық сайлаған президентіміз Тоқаев елбасына күн туғанда конституция берген құқығын пайдаланып елімізге тірек болып, барлық жауапкершілікті өз қолына алды. Парламент бастап зиялылар, халқымыз қос-қолдап қолдап отыр. Енді берекеге келіп Мемлекет басшысын қолдайық. Ауыр күндер артта қалып жатыр, зайырлы Қазақстанның иесі сіз бен біз. Бәріміз міндетіміз бен парызымға адал болайық.

Омарәлі Әділбекұлы

Пікір жазу
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі
    «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ

    Ұқсас тақырыптар