Тәуелсіздікті баянды ету - басты мұратымыз

Уақыты: 2022-10-25 Көрлімі: 483 Сипаттама

Тәуелсіздіктің бастауы болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған 25...

Скриншот 2022-10-25 101310.jpg

Тәуелсіздіктің бастауы болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған 25 қазанды биылдан бастап қайтадан мемлекеттік мереке қатарына қосты. Мереке қарсаңында әр ұйым, мекемелер түрлі шаралар ұйымдастырып, үлгілі деген қызметкерлерін марапаттауда. Сондай шараның бірінде Президент Қасымжомарт Тоқаев «Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын. Біз қастерлі тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуге тиіспіз»,- депті.  Иә, елдікті сақтап қалу, ең қымбат қазынамыз болған Тәуелсіздікті баянды ету басты мұратымыз.

Тәуелсіздікпен бірге дәстүріміз бен дініміз қайта оралды. Ұлтты құраушы элементтерінің бірі ұлттың дәстүрі. Діліміз бен дінімізден айырылмай, ұлттық болмысымызды сақтағанда ғана бізге тәуелсіздіктің баянды болғаны. Димаш арқылы қазақтың домбырасын әлем танып жатқанда, көшпелі өркениетің мұрасы болған ұлттық дәстүріміз жалғасын таба бермек.

Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі мемлекеттік тіл. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайта түсуіміз керек десек, ең алдымен мемлекеттік тілдің тұғырын нығайтуымыз керек. Бүгінгі күні Ата заңның 7- бабының 2- тарамағын желеу етіп, көптеген мекемелерде іс-қағаздары орыс тілінде жүреді. Қоғамдық орындарда, жиналыстарда «бәріне түсікті болу» үшін деген сөзді жалғап сөздерін орыс тілінде жалғастырып кететіндер көп, сондықтан да мемлекеттік тіл өз мәртебесіне ие бола алмады деген пікірдегі азаматтар аз емес. Мұндай пікірлер айтылмау үшін мемлекеттік тіл- қазақ тілі саясаттың, ғылымның, экономиканың, заңның тіліне айналуы керек. Бұл жағынан билік те, халық та белсенді болғаны абзал. Өйткені, қазіргі кезде халық саны үдемелі өсуде. Сондықтан барлық сала өз тұтынушыларының мүддесіне сай әрекет еткені жөн.  Қазіргі кезде білім мен ғылым саласында мемлекеттік тілді дамыту үшін оң бастамалар жасалып жатыр. Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде қазақ тілін оқытудың әдістемесін жаңартуды қолға алатынын айтты. Ғылым және жоғарғы білім беру министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше 2030 жылы студенттердің саны миллионға жетеді екен. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқандардың 90 пайызға жуығы қазақ тілінде білім алады. Биылдан бастап докторантурада оқығысы келетіндерге қазақ тілінің біліктілігін анықтайтын тест тапсыруды міндеттеді. Бұл қазақ тілінің ғылым тіліне айналу қадамы. Демек қазақ тілді үлкен толқын қалыптасып келеді. Ол жас буын қоғамға араласқанда қазіргі өзге тілдегі қызмет көрсетіп жүргендер тірлік үшін де мемлекеттік тілді үйренетін болады. Сондықтан біздің депутат, министр, мемлекеттік қызметкерлер  мен Рамиль сияқты кәсіпкерлер қазақ тілі курстарына тезірек жазыла берсін, өйтпегенде өздері мәдениетсіз адамдардың қатарында қалады.

Қазақ мелмектінің тәуелсіздікі тек іштегі қазақтың ғана емес, әлемдегі бар қазақтың бағы. Ел егемендігін алғаннан бері миллионнан астам қазақ оралды. Оның ішінде Жапония, Қытай, Европа елдерінен оралған, білім мен ғылым, денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жеткен азаматтар аз емес. Қандастар көші жалғасын табуда. Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі шетелдегі қандастарға 10 жылға қазақ картасы деген құжат берілетінін, ол құжат арқылы қандастар елге емін-еркін кіріп шығып, кәсіппен айналысуға болтынын хабарлады.

Жоғарыда қазақ тілі аудитоияның өсіп келет жатқанын, әсіресе балалардың саны артқанын жаздым. Сол өсімді құраушы негізінен ауылдар.  Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Қазір ауылдардың жағдайы әр түрлі. Еліміздегі барлық ауылдық елді мекендердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік- экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде екен. Президенттің өңірлерге жасаған сапары барысында ауыз су, жол сияқты ауылдағы ағайынның мәселелері айтылды. Сол сияқты ауылдың инфрақұрлымдық жағдайымен бірге мәдени жағадайы да түзеліп, ауыл баласы қаладағы балалар  игіліктетін игіліктерді көрсе дейміз.

Біздің тәуелсіздігімізге,  елдігімізге сына қақысы келетіндер де жоқ емес.  Сондықтан өзімізге мүдделес дос тапқанымыз абзал. Ондай одақтасты алыстан емес,  түбіміз бір түріктерден іздеген жөн.

Тәуелсіздікпен бірге түркі мемлекеттерінің байланысы артып, ағайынды елдер бірлігін көрсетіп келеді. Басқа жағын айтпағанда Қазақстанның тәуелсідігін ең алғаш мойындаған түрік елімен барлық саладағы қатынасымыз көңіл көншітерлік. Білім мен ғылым саласын айтар болсақ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің мәліметінше, Түркия университеттерінде 2 300-ге жуық қазақстандық оқып жатса, елімізде 360-тан астам түрік студенттері білім алып жүр. Қазақстанның 73 жоғары оқу орны Түркияның 100-ден астам жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатыпты.

Төртеу түгел болса төбедегі келеді деген. Тіліміз бен діліміз, дініміз орнында болып, туысқан түркі жұртының бірлігі бекем болса, Тәуелсіздігіміз де мәңгілік болмақ.

 Құрметқан Тұрдыбек

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

Нарбаева Салтанат

"Ақпараттық жүйелер" кафедрасының 

тәрбие жөніндегі орынбасары


Пікір жазу
  • Нұрлан Құралов: Отандық өнім ішкі нарықты қамтамасыз етуге дайын
    СОНДА ҒАНА ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН БОЛАДЫ

    Ұқсас тақырыптар