Елордада Абайдың гиперреалистік эксклюзивті мүсіні таныстырылды

Уақыты: 2020-11-16 Көрлімі: 38 Сипаттама

Биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтетін «Қазақконцерт» ұйымы Абайдың 175 жылдығына...

 

Биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтетін «Қазақконцерт» ұйымы Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның жаңа эксклюзивті мүсінін таныстырды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Мүсін балауыз бен силикон материалдарынан жасалған. Елімізде сирек кездесетін гиперреалистік бағыттағы мүсіннің авторы – талантты суретші әрі мүсінші Айдос Есмағамбетов. Ол бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Барак Обаманың, Абылай ханның және генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетовтің гиперреалистік мүсіндерін жасаған.

«Биыл ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абайдың 175 жылдығы елімізде кеңінен атап өтілуде. Ақынның баға жетпес еңбектерін дәріптеу – біздің азаматтық парызымыз. Абайға деген құрметіміздің бір белгісі, ұлы ақынның тұлғасын дәріптеуге арналған іс-шараның бірі – Абай мүсінінің тұсаукесері. Қазақстанда баламасы жоқ жаңа туындының авторы – гиперреалист мүсінші, «Қазақконцерт» ұйымының суретшісі, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов. Ол бұл мүсінді биыл 60 жылдық мерейтойын атап өткен «Қазақконцерт» ұйымына тарту етіп отыр. Маңызды екі мерейтойды бір-бірімен осылайша байланыстырып, барша қазақ еліне ерекше сый жасаған Айдосқа алғыс айтамыз. Абайдың тұлғасы осылай жаңа қырынан насихатталуда. Бұл мүсін болашақта Ұлыбританиядағы мадам Тюссо музейінен орын алады деп сенеміз», - дейді «Қазақконцерттің» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы.

Айдос Есмағамбетровтың айтуынша, ұлы Абайдың осы мүсінін жасауға төрт ай уақыт кеткен. Мүсінге қажетті кейбір материал Қазақстанда сатылмайды, сондықтан оны шетелден сатып алуға тура келген.

«Бұл мүсінді жасау үшін Абайдың суретінің түпнұсқасы керек болды. Интернетте оның суреттері мен бейнесі көп. Бірақ ол суреттерді ұлғайтқан кезде бұлдырап кетеді де, оны анық қарау мүмкіндігі болмайды. Сондықтан Абай мұражайына хабарласып, Абайдың түпнұсқа суретін сұрадым. Сондай-ақ, сол кезеңмен сәйкес келуі үшін арнайы шапанға да тапсырыс бердім», - дейді ол.












































Автор Зарина Қаһарман


Пікір жазу
  • Лондонда Абайдың ағылшын тіліндегі жинағы жарық көрді
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар