Түркиядағы қандастар Қазақ үйін құру жобасын қолдады

Уақыты: 2019-08-01 Көрлімі: 86 Сипаттама

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Бірінші вице-президенті Талғат Адуов Түркиядағы қазақ диаспора...

67403281_159042245217097_2505028512771997696_n.jpg

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Бірінші вице-президенті Талғат Адуов Түркиядағы қазақ диаспорасының құрметті өкілдері-қазақ қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен кездесті, деп қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
Кездесу «Отандастар» қоры ағымдағы жылдың 30-31 шілдесінде Түркиядағы отандастармен ұйымдастырған бизнес-форум аясында өтті. 
Талғат Адуов кездесу барысында бұл сапардың Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік байланыс орнату және оларды қолдау аясында өтіп жатқанын айта келе Қор Президенті мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы басшысының сәлемін жеткізді. Қазақ диаспорасы тарапынан кездесуге Түркиядағы қазақтар қорларының Басшылары-Қожа |Ахмет Ясауи атындағы қордан Ілияс Сақа, қазақ-түрік қоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестігінің Төрағасы Серкан Динчтүрк, белгілі қоғам қайраткері Мансұр Тәйжі, профессор, қоғам қайраткері Әбділуақап Қара және Түркиядағы қазақ диаспорасының басқа да белсенді мүшелері қатысты. 
Кездесу барысында:
1. Қазақ тілін қолдау және дамыту;
2. Түркиядағы қазақ диаспорасы жастарының ҚР ЖОО түсуіне көмектесу;
3. Ұлттық мәдениет пен брендтерді сақтау;
4. бизнес ұсыныстарды қолдау және дамыту, Қазақстанға инвестиция тарту және Түркияға қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды. 

67675849_159042401883748_3525563259706933248_n.jpg

Кездесудің құрметті қонағы ретінде Түркияның белгілі қоғам қайраткері, қайраткерлігі сондай-ақ қазақ-түрік қатынастарын дамытумен байланысты Нилгүн Меше сөз сөйледі.

 Талғат Адуов кездесу аясында Түркиядағы қазақ диаспорасымен серіктестік алаңын нақтылау маңызына, сол себепті Қазақ үйін құру жобасының, сонымен қатар Қазақ үйінің құрамына кіретін, Түркиядағы қазақ диаспорасының мәдениеті мен бизнесін сақтау мен дамытуды мақсат тұтқан «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйінің іске қосылып жатқанына тоқталды. Сондықтан да Стамбұлдағы «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйі өкілдерін белгілеудің мәні зор. Кездесу барысында қазақ диаспорасының өкілдері Қазақ үйін құру жобасын қолдады. Түркиядағы қазақ диаспорасымен «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйі өкілдерін белгілеуге, сонымен қатар іскерлік және мәдени байланысты нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға қол жеткізілді. «Отандастар» Қорының Бірінші вице-президенті шара соңында диаспора мүшелері мен кездесуге шақырылған қонақтарға естелік кәдесыйлар тапсырды.

67605683_159042468550408_6184475017560981504_n.jpg

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жарты жылда 7000-ға жуық қандасымыз көшіп келген
    Қытайдағы қандасымыз M-1 Challenge турнирінде грузиялық қарсыласын нокаутқа жіберді