Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды

Уақыты: 2019-12-27 Көрлімі: 165 Сипаттама

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары 27 желтоқсандағы ұщақ апатында жарақат а...

Снимок1.JPG

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары 27 желтоқсандағы ұшақ апатында жарақат алғандарға қан жетіспеудің алдын алу үшін, қалалық және облыстық қан орталықтарына барып ерікті түрде қан тапсырды. 

Алматы қаласындағы "қалалық қан орталығы" қызметкелерінің айтуынша таңнан бері 700-дей адам қан тапсыруға барған. Бесінге дейін 150-ден астам адам қан тапсырған. Қан тапсыру күні бойы жалғасын тауып, барлық қан тобы бойынша жеткілікті қан жиналған. Ешқандай қан жетіспеушілігі болмаған.  Қан жеткілікті десе де ерікті түрде қан тапсыруға келіп жатқандардың қарасы үзілер емес. Еріктілердің ішінде жастар өте көп. Қан тапсыруға келген еріктілерді қабылдау үшін қалалық қан орталығы түнгі 12-ге дейін жұмыс істейтінін айтты. 

Қан орталығының мамандары әлеуметтік желіде "қан жетпей жатыр" деп жұртты алаңдататын ақпараттар таратпауды, ондай ақпараттардың жалған екенін хабарлады. Сондай-ақ Алматы қаласы Жароков көшесінде орналасқан Республикалық қан орталына да барып қан тапсыруға болатынын мәлімдеді. 

539412e4-cbac-40a2-af68-707ae43380dd.jpg



Jebeu.kz



Пікір жазу
  • «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалдары қандастар мәселесін шешуге атсалыспақ
    Кері қайту