Баскетболдан Қытай чемпионатында ойнайтын тұңғыш қазақ

Уақыты: 2020-08-25 Көрлімі: 563 Сипаттама

Қытайда тұрантын қандасымыз Жауынгер Қойшанұлы Қытайдың ерлер командалары арасындағы...

200823115002745e.jpg

Қытайда тұрантын қандасымыз Жауынгер Қойшанұлы Қытайдың ерлер командалары арасындағы Ұлттық лига ойындарында (CBA) өнер көрсететін ойыншылардың бірі болып таңдалды, деп  kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

21 тамыз күні Фуцзяньда 2020-2021 жылдардағы Қытайдың ерлер командалары арасындағы Ұлттық лигасы аясында (CBA) ойнайтын ойыншыларды таңдау жиналысында қазақ азаматы Жауынгер Қойшанұлы (бойы – 210 см., салмағы - 107 келі) «Нанкин тұңши дашың» клубына қабылданып, CBA- ға қатысуға жолдама алды. Осы жолғы ел чемпионатына қатысатын спортшыларды таңдауға жиналған мамандар тобына Қытайдың танымалы баскетбол шебері, Қытай баскетбол қауымдастығының төрағасы, елдегі ең дәулетті спортшылардың бірі Яо Мин төрағалық етті.

Жауынгер Қойшанұлы - 1995 жылы Іле қазақ облысы Тарбағатай аймағының Толы ауданында дүниеге келген. Ақпарат құралдарының хабарлауынша  Жауынгер ауылына кездейсоқ келген жаттықтырушы спорт маманының көзіне түсіп, тек 18 жасынан бастап ғана кәсіби спортпен айналыса бастаған.





Пікір жазу
  • Шетелдегі қандастарға арналған онлайн концерт өтеді
    «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференция өтті

    Ұқсас тақырыптар